Тағайындау • 29 Тамыз, 2019
Айдын Ашуев Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қаржы министрлігінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Мәжіліс депутаттары Қостанайдағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты
Бүгін Мәжіліс депутаты Артур Платонов Қостанай облысының Федоров ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Нысан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 29 Тамыз, 2019
Қазақстандықтардың несие бойынша борыш жүктемесін азайту шаралары айтылды
Үкіметтің алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова өмірде қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Семейде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік акциясы» өтті
Ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. Бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейбіт өмір сүйгіш ел ретінде әлемге әйгілі етті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Төрт қарағандылық өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 4 қарағандылық өрт сөндіруші қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.