Мәселе • 17 Тамыз, 2024
Баянауылдағы Шалқар көлінде 150 дала құсы белгісіз жағдайда қырылып қалған. Өлген құстардың барлығы – саралақаз (қызыл үйрек). Ветеринарлар құстардың қырылуына әлдебір улы өсімдіктер себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Қазақша сөйлеген тағы бір туынды
Қоғамда саяқ өмір сүретін, «ерекше» топтың қатарында саналатын ерекше армандары бар жандар ғажайыпқа көбірек сенеді. Алайда ақ пен қарасы қатар өрілген өмірде ғажайып көп болмаса да, көркем шығармаларда кездесіп жатады. Мәселен, Дэниел Киздің «Алжернонға арналған гүл» (Flowers for Algernon) шығармасындағы Чарли де бір ғажайыпқа сенді, арманына қол созды. Өмірі күрт өзгеріп, «ерекшелігінен» айығатын сол бір сәтті аңсады. Қарапайым адамдардың қатарына асықты. Жуырда «Мазмұндама» баспасынан осы ерекше жанның тағдыры суреттелген кітап қазақ тілінде жарық көрді.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
Игі бастамаға жұрт болып жұмылды
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын оқушыны мектепке дайындау жұмыстары қыза түскен. Ата-ана мен ұстаздар үшін нағыз қарбалас шақ. Осы орайда әлеуметтік жағдайы әртүрлі санаттағы отбасылардың балаларына қолдау көрсететін «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасын тапты. Бұл іс-шарадан шалғайдағы ауылдардың оқушылары да шет қалмай, мейірімді де қайырымды жандардың қамқорлығын сезінуі қуантады. Солардың қатарында Кеген ауданының Тұйық орта мектебі мен оқушы саны жүзге жетпейтін Жалаулы орта мектептерінде жарқын істер жүзеге асып жатыр.
Білім • 16 Тамыз, 2024
Астанада «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім» тақырыбында педагогтердің қалалық тамыз кеңесі өтті. 2 мың ұстаздың басын қосқан жиынның басты мақсаты – білім саласын цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін енгізу. Білім ошақтарының басқа да өзекті мәселелері де назардан тыс қалмады.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Орман – жердің дәулеті. Осы бір байлықтың түбін балтамен шапқызбай, қызғыштай қорып келе жатқан орманшылар әулеті бар. Туыс-туғанымен әбден машықтанған орманшы мамандығын Қарқаралы еліне сый-қадірі бар Махмұт әулетінің немере-шөберелеріне дейін оқып алып, еңбек етіп жүр. Ел осы бір ұрпақ сабақтастығына, еңбек эстафетасына ерекше сүйсінеді.