Сұхбат • 17 Тамыз, 2024
Кез келген елдің әскери айбыны шекарасынан-ақ сезіліп тұруы керек. Шекарадағы қырағылық – қоңсы жатқан елге қабақ шыту емес, мемлекеттік тұтастықтың, ұлттық қауіпсіздіктің қамы. Сондықтан шекара шебінің берік болуы – аса маңызды әрі жауапты міндет. Ал бұл міндетті абыроймен, сақтықпен, асқан жауапкершілікпен атқару – шекарашылардың мойнындағы үлкен парыз.Осыдан 32 жыл бұрын, 18 тамыз күні Президент Жарлығымен Шекара әскерлері құрылды. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан АЛДАЖҰМАНОВПЕН сұхбаттасып, шекарамызды қорғау міндетінің қазіргі жай-күйі жайында әңгімелестік.
Шаруашылық • 17 Тамыз, 2024
Алматы облысында акваөсіру өндірісін осы жылы 6 мың тоннаға, ал 2030 жылға қарай 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде облыс көлемінде 30-дан астам балық өсіру шаруашылығы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Кейінгі уақытта олардың қатары жаңа балық шаруашылықтарымен толығып жатыр.
Білім • 17 Тамыз, 2024
Колледждерге 145 мың грант бөлінді
Колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік молайды. Оқу-ағарту министрлігінің жақында жариялаған жаңалығына сүйенсек, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді.
Энергетика • 17 Тамыз, 2024
Алдағы күз айларының бірінде елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыхалықтық референдум өтпек. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», деді. Референдумның нақты күнін Мемлекет басшысы Үкімет белгілейтінін айтқан еді.
Президент • 17 Тамыз, 2024
Құрылысы қарқынды Қосшы, берекесі мол «Родина»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола өңіріне жұмыс сапарымен барды. Президент алдымен Астана іргесіндегі Қосшы қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 1 500 орындық мектеп-гимназияны аралап көріп, жаңадан іске қосылған «IL-TOV» ЖШС жұмысымен танысты.