Спорт • 17 Тамыз, 2024
Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл ретте елімізде спортқа орасан көңіл бөлініп, кәсіби шұғылданушылар мен әуесқойлардың алаңсыз шынығуына оңтайлы мүмкіндік беріліп, жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.
Кәсіпкер • 17 Тамыз, 2024
Кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнамада белгілі болғандай, биыл екінші тоқсанда құрылыстан басқа барлық салада дайын өнімге сұраныс артқан. Cату көрсеткішінің орташа рентабельділігі жалпы экономикада 23,8%-ға дейін өсті. Мұндай өсім барлық салада бар. Мәселен, ең жоғары рентабельділік тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында (38,5%), ал ең төмені ауыл шаруашылығында (14,0%) байқалды.
Ипотека • 17 Тамыз, 2024
Ипотека 2024: Банктердегі қарыз нұсқалары
Биыл жазға таман азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алу үшін ресімдеген банктік қарызының көлемі 5,7 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артық. Бес жыл ішінде көрсеткіш 3,7 есе, онжылдықта 5,5 есе өсті. Елімізде 21 банктің 11-і ипотека береді: 10 коммерциялық банк және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік «Отбасы банкі».
Аймақтар • 17 Тамыз, 2024
Өңір қазір көктемгі тасқында зардап шеккен нысандарды толық қалпына келтіріп жатыр. Соның ішінде қалаға су айдайтын «Қызылжар су» ЖШС-ның істен шыққан бірінші көтерілімінің сорғы стансасын толық қалпына келтіру жұмыстары қызу қолға алынды. Осы стансаны құр қалпына келтіріп, жаңалап, жаңғыртуға «Kazminerals» компаниясы қаражат құйған. Компания көтергі сорғысына осы заманғы, еуропалық құрылғы орнатуды көздейді.
Марапат • 17 Тамыз, 2024
Астанада жас мамандарға арналған «Jas кeñes sı ylyğy» сыйлығының иегерлері анықталды. Марапат биыл алғаш рет тағайындалып отыр. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері бастамашы болған іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары, белгілі спортшылар мен қоғам қайраткерлері және жастар өкілдері қатысты.