Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Қазақстан экономикасының өсуі мен өркендеуіне бүйірден қадалып, адымын ашқызбай тұрған ең басты мәселелер – сыбайлас жемқорлық пен жолдардың сын көтермес жағдайы деп айтуға болады. Жыл сайын жөндеуіне миллиардтап қаражат бөлінетін жолдар 2-3 жылға ғана шыдап, қайта жөндеуді қажет етіп жатады. Сөйтіп қайран ақша желге ұшып, рәсуа болып жатыр. Оның себебін айта берсе толып жатыр. Соның бірі – ауыр жүк машиналарының жолды бүлдіруі. Бірақ жүк машиналары жүйткіп жүретін дамыған шетелдердің жолдары неге бүлінбейді деген сұрақты жолшылар өздеріне қоймайды.
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Жұмыс берушілер тізімді жаңартып отыруы тиіс
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС үшін жарна төлеуден, аударым жасаудан босатылған қаладағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қарамағындағылар жүйеде медициналық сақтандырылған мәртебесін сақтап қалуы үшін әр айдың 25-не дейін жұмыскерлері туралы мәліметті жаңартып отыруы қажеттігін еске салады.
Ауыр атлетика • 31 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 35 жыл бұрын, яғни 1985 жылдың 25 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Швецияның Седертелье қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Төрткүл дүниенің 38 мемлекетінен келген 200-ге тарта тау көтерген толағайлар сегіз күн бойы сайысқа түсіп, 10 салмақ дәрежесінің түрлі-түсті жүлделерін сарапқа салды.
Спорт • 31 Тамыз, 2020
1976 жылдың жазы. Канаданың Монреаль қаласында ХХІ жазғы Олимпия ойындары дүркіреп тұрып өтіп жатты. 92 мемлекеттен келген алты мыңнан аса саңлақтар мен сайыпқырандар спорттың 21 түрі бойынша сайыс түсіп, жарыс көрігін қыздырып жатты. Сан миллион жанкүйер рекордтық көрсеткіштердің бірінен кейін бірі жаңарып жатқанын көріп, басқа да көптеген керемет көріністің куәсі болды. Дәл сол тұста суға секіруден КСРО құрама командасының мүшесі Сергей Немцановтың жоғалып кеткені жайында жайсыз хабар жер-жаһанды шарлап кетті.
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Оқушыларды мектепке қалай дайындаймыз?
Пандемия кезінде мектеп оқушыларының үрейін жеңуге қалай көмектесуге болады? Мен ауырып қалмаймын ба? Ұстаздарым ше? Мен оқитын сынып қалай болады? Бұл сұрақтар әр оқушыны мазаласа керек. Ал бұл жағдайда ата-аналар балаларына қалай көмектесе алады? Бұл сұрақтарға психолог мамандар жауап береді.