Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Қызылордада мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті
Бүгін Қызылордада білім саласы қызметкерлерінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференция қорытындысында аймақ ұстаздары облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей ұжымына 17 млн. теңгенің сертификаты табысталды.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Үкіметте 2018–2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев ҚР сот жүйесi жөніндегі ережелердi бекiту туралы Жарлығына өзгерістер енгізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Алтын Орда хандығына тиесілі жәдігер
Орал қаласының тұрғыны Анаргүл Әмірова өзіне атасы Мырзағалидің аманаттап кеткен мұрасы – көне жалаудың ХІ-ХІV ғасырлардағы әйгілі Алтын Орда хандығына тиесілі екенін айтады.
Жазғы спорт • 29 Тамыз, 2017
Универсиада-2017. Қазақстан қоржынында 14 медаль
Тайпейде өтіп жатқан ХХІХ Жазғы универсиаданың тоғызыншы жарыс күнінде қазақстандық жеңіл атлет Сергей Григорьев сырықпен секіруден 5 метр 50 сантиметрді бағындырып, күміс жүлде жеңіп алды.