Ұлттық спорт • 19 Тамыз, 2024
Қыркүйектің 8-13 күндері аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрінен жарыс өтетін болса, соның ішінде ұлттық құрамамыз көкпар, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ, құсбегілік пен бәйге сынды ұлттық ойындардан бақ сынамақ. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын көкпардан ұлттық құраманың мүшелері осы күні Жаңашар аулындағы олимпиадалық оқу-жаттығу алаңында дайындық шараларын күшейтіп жатыр.
Мирас • 19 Тамыз, 2024
Садақтың екі басын қосып байлаған жіпті адырна немесе керме жіп дейді. Ол берік жіптен немесе жібектен, тарамыстан өріледі. Міндеті – оқты нысанаға қарай ұшыру. Керме жіп садақтың бір басына мықтап бекітіліп, екінші басы садақты босатып тұру үшін алмалы тұзақ түрінде алынып салынады. Адырнасы қатты серпігенде сұғын жарылып немесе сетінеп кетпес үшін оның иінмен тұтасқан бөлігіне сүйектен қорғаныш орнатылады. Оны тобық (тобыршық) деп атайды. Адырна: күдері адырна, қайыс адырна деп бөлінеді.
Байқау • 19 Тамыз, 2024
Қазір ойнай отырып, ойлауға жетелейтін зияткерлік сайыстар көпшілікке кеңінен танымал. Заманауи әрі креативті ойлайтын жастарды біріктіретін көңілді куиз ойындарының түр-түрі бар. Солардың арасында «IQas» жобасының орны ерекше. Сұрақтары қазақы танымға негізделген. Кез келген қатысушы жауабын таба алатындай логикаға құрылған.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2024
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданындағы төрт шағын ауылда күрделі жөндеуден өткен медициналық пункт пайдалануға берілді. Сайқын ауылдық округіне қарасты Шоңай елді мекенінде, Мұратсай ауылдық округіне қарасты Әжен елді мекенінде, Бисен ауылдық округіне қарасты Жетібай мен Көктерек ауылдарында медициналық пункт күрделі жөндеуден өтіп, бір күнде халық игілігіне тапсырылды.
Денсаулық • 19 Тамыз, 2024
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Күн өткен сайын дұрыс тамақтану адамзат алдында тұрған ең өзекті мәселенің біріне айналып келеді. Дүкен сөрелерінен табиғи азық-түлік өнімдерін табу қиын. Яғни тамақ өнімі нарығындағы ахуалды қалыпты қадағалау күрделі болып отыр. Елімізге сырттан әкелінген технологиялары белгісіз, соның ішінде халықтың денсаулығы үшін қауіпті сапасыз тамақ өнімдеріне тосқауыл қоймай, бұл мәселені жолға қоя алмасымыз анық.