Аймақтар • 20 Тамыз, 2024
Мәдени мұраны сақтау – маңызды міндет
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өңірдегі мәдени мұра нысандарында жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Мұндай нысандардың қатарында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қылует жерасты мешіті және Яссы-Күлтөбе ортағасырлық қалашығы бар.
Таным • 19 Тамыз, 2024
Рационализм мен иррационализм ұғымы философияда әртүрлі пікірлер шоғырына ие болып келеді. Рационализм – шындықты ақыл арқылы іздейтін, дүниенің негізі етіп ақылды алып, әрнеге ақыл күшімен қарайтын философиялық ағым. Мәселен, рационалист жолда кетіп бара жатқанда алдынан қара мысық кесіп өтсе, ол мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп бағамдап, мұны жаман ырымға балаудың жөнсіз екенін айтып, алға адымдап жүре береді.
Егемен Қазақстан • 19 Тамыз, 2024
Сөз ардақтысы – «әке» мен «ана» Бала үйдегі үлкендерді, үлкендер өздерінен кейінгілерді қалай атағандары жөн. Бұрын қалай еді, қазіргі жағдай қалай? Орысша тәрбие көріп жүргендерді былай қойғанда, ауылдағы қазақ баласының өзі әке-шешесін, бауырлары мен туған-туысқандарын қалай атайды? Басым көпшілігінің әкесін – папа, шешесін мама дейтіндеріне кепілдік беремін.
Кино • 19 Тамыз, 2024
«Шырмауық» қалай түсіріліп жатыр?
Кейінгі жылдары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен көптеген жаңа фильм түсіріліп жатыр. Әрине, түрлі тақырып, сапа да әртүрлі. Оның ішінде үлкен экранға шықпай тұрып халықаралық додаларда бақ сынап, үздік атанғандары да жетерлік. Мәселен, өткен жылы питчингте топ жарған жобаның бірі – «Шырмауық». Режиссері әрі сценарий авторы Азамат Шарғынның дебюттік фильмі бүгінде түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Театр • 19 Тамыз, 2024
«Әйел тұрмай, еркек оянбайды». Ер мен әйел табиғатын бірауыз сөзбен түйіндеген Ғ.Мүсіреповтің әйгілі «Ұлпан» романы осы эпиграфпен басталатын. Өз ортасынан озып туған қазақ әйелінің соны бейнесі сомдалған тарихи туынды ұлттық әдебиеттің үлкен табысы саналды, сонымен қатар әдебиеттің бір қанаты – театр режиссерлерінің де назарынан қағыс қалмады.