Тәрбие • 16 Тамыз, 2017
Медицина • 16 Тамыз, 2017
Қаптаған қателерден қашан арыламыз?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлтымыздың бай тарихын, құнды қазынасын айтып қана қоймай, рухани жаңғырудың да жолын көрсеткені белгілі. Ұлт ұғымында рухани жаңғыру кемелдік дәрежесіне көтерілу, өткенін саралап, келешегін бағдарлайтын кезең екені белгілі. Ал ықылымнан сауаттылық салтанатына ерекше мән берген халықтың жазу мәнеріне деген құрметі биік болған. Бұл тұрғыда, әсіресе, қоғамда айрықша орны бар тұлғалардың есімдерін, сондай-ақ елді мекен, көше, қала берді мекеме атауларын дұрыс жазудың маңызы зор.
Медицина • 16 Тамыз, 2017
ЭКСПО екі айналып келмес саған...
Алаштың алтын алқасындай Астананың ажар-көркіне аспандағы ай қызығып, көктегі күн сүйсінгендей. Сарыарқадағы шамшырақтай самала шаһар қазір тіпті құлпырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жаһанның жетістіктері жайнап төрінде тұрса, бес құрлықты бетіне қаратар бедел жинамай қайтеді енді.
Ел болған соң адамдар арасында дау-дамай да орын алып жатады. Мұндай келеңсіз жағдайлардың өршімеуі үшін айыпты дегендерді ұстап, қамау амалдарымен тосқауыл қою жеткіліксіз болатыны белгілі. Оның бәрінің ақ, қарасын анықтап, дұрысты – дұрыс, бұрысты – бұрыс деуде ақиқат пен ашықтық қажет. Сонда ғана қылмыстық істі ізгілендіру қағидаты айқындалады. Бұл Елбасының тапсырмасына сай, қылмыстық процесті жаңғырту болып табылады.