Мәдениет • 29 Тамыз, 2025
Астана сахнасында – Қарағанды театры
«Астана Опера» өз сахнасында гастрольдік сапармен келген Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымын қарсы алды. Меймандардың ересек аудиторияға ұсынған жарқын оперетталары, мюзиклдері мен Гала-концерті, сондай-ақ балаларға арналған қызықты музыкалық ертегілері мен қойылымдары «Астана Операның» жазғы репертуарына көрік берумен қатар елордалықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Тамыз, 2025
Азаматтық келісім негіздері талқыланды
Елордада «Конституция және құндылықтар: азаматтық келісімнің негіздері» тақырыбында «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының төртінші отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, азаматтық қатысу мен қоғамдағы құндылық бағдарларын дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Тамыз, 2025
ERG «Хромтау» жел электр стансасының құрылысын аяқтады
Ақтөбе облысында еліміздегі ең ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр стансасының қосылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 29 Тамыз, 2025
Бас прокуратурада Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті
Конституциясы күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиын өтті. Іс-шарада Бас Прокурор Берік Асылов жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, тәуелсіз, құқықтық әрі әділетті мемлекеттің берік іргетасына айналған Ата Заңның тарихи маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2025
Бибігүл Жексенбай: Конституция – елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің кепілі
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда Сенат депутаты, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Ата заңның мәні мен эволюциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.