Әлем • 30 Тамыз, 2021
Англия пластик ыдыстарды тұтынуға тыйым салады
Англия билігі «пластмассаға қарсы соғыс» жариялады. Осы жобаның аясында бір рет қолданылатын пластикалық ас құралдарына, ыдыстарға тыйым салынбақ.
Әлем • 30 Тамыз, 2021
Ауғанстандық спортшылар Паралимпиадаға қатысады
Халықаралық паралимпиада комитетінің хабарлауынша, Паралимпиадаға қатысу үшін Ауғанстаннан Токиоға екі спортшы келді.
Әлем • 30 Тамыз, 2021
Кабул әуежайына террористік шабуыл жасалды
Ауғанстан астанасы – Кабулда екі рет жарылыс болып, екі жүзге жуық адам қаза тапты. Бомба шаһар маңындағы әуежайда жарылған. Жанкешті «Талибан» билікті жаулап алғаннан кейін елден кету үшін жиналған халықтың арасына барып, детонаторды іске қосқан.
Руханият • 30 Тамыз, 2021
Арыстан бабтың іргесінде орналасқан Өзбекәлі Жәнібековтің кесенесі Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына алынатын болды. Бұл жөнінде Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды. Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында, сондай-ақ бірегей тұлғаның өмір жолы, рухани ерлігінің негізгі кезеңдерін еске түсіретін тақырыптық көрме өтті.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2021
Конституциямыз бірінші бабынан бастап негізгі қағидат – қарапайым адам құқықтарының басымдығы жарияланудан басталады: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».