Қоғам • 30 Тамыз, 2019
Ата-бабаларымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», өскелең ұрпаққа бірлікті, жұдырықтай жұмылуды өсиет еткен. Дана қазақ: «Ырыс, қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деп қадап айтуы бекер емес. Ал хакім Абайдың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген нақыл сөзі келешекке қалдырған аманаты іспеттес.
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
Конституциямыздың орасан зор жасампаз әлеуетінің айғағы - Ж.Түймебаев
Конституция күні қарсаңында қазақстандықтар Негізгі Заңның өлшеусіз және тұрақты әлеуетін ерекше бағамдайтыны белгілі. Оның үстіне, қазіргі сәтте жалпы қоғам жаңа Президенттің өзіне берілген сенім мандатына жауап ретінде ұсынған келешек жоспарлар мен даму бағытын жіті қадағалап, мемлекет көмегіне үлкен үміт артуда. Конституция күнінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын жасайды деген жаңалық та халықтың назарын ерекше аударып отыр.
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
ІІМ батылдығы үлгі қызметкерлерді марапаттады
Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ведомство басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қатысқан шарада Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев биыл ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша жоспарланған бірқатар маңызды іс-шара іске асырыла бастағанын атап өтті.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Павлодарда тұрғындарды қабылдау күні өтті
Еліміздегі Конституциялық Кеңес «Негізгі Заң апталығы» жобасын бастап кетті. Апталықтың мақсаты – еліміздің Негізгі Заңына деген халықтың назарын аудару, жалпы, халықтың конституциялық мәдениетін арттыру.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Алматы тұрғындары құқықтық кеңес алды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ата Заңның пәрменін арттырып, еліміздің негізгі құжатының маңызын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында еліміздің Конституциялық Кеңесі өткізген «Негізгі Заң апталығы» аясында Алматы қаласының Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық маңызы бар сұрақтарына жауап берді.