Пікір • 30 Тамыз, 2024
Омбудсмен институтының мәртебесі нығайды
1995 жылы қабылданған ел Конституциясы мемлекеттік құрылымның негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ әділеттілік қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат болып қала береді. Өзінің бүкіл тарихында Конституция бірнеше реформалау кезеңін бастан өткерді, олардың әрқайсысы заңдылықты нығайтуға, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Қоғам • 30 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысының құмар ойындардан келер қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салааралық кездесу өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған басқосуда заңсыз онлайн құмар ойындарға, лудоманияға қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Пікір • 30 Тамыз, 2024
Конституция – тәуелсіздік темірқазығы: Дәстүрлі құқықтан демократиялық реформаларға дейін
Тарихқа бойласақ, еліміздің Еуразия кеңістігінде мемлекет болып қалыптасуында сақтар мен ғұндардан бастау алып, көк түріктер, Алтын Орда арқылы сабақтасқан Қазақ хандығы – дербес мемлекеттілігіміздің ең маңызды тұғырларының бірі.
Үкімет • 30 Тамыз, 2024
Мәжіліс: Сайлаушылар сенім артып отыр
Бұл Парламент бұрынғыдан өзгерек. Парламент елімізде Әділетті Қазақстан құру жолында қолға алынған көптеген саяси өзгерістің нәтижесінде жан-жақты жасақталды. Нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадамдарға барды. Әсіресе Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді. Ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткізгенімізді атап өтті.
Қоғам • 30 Тамыз, 2024
Аудан орталығы Атбасарды жанай өтетін Жабай өзені биыл жазғытұрым арнасынан асып, жағадағы тұрғындардың үйлерін су алып кеткен еді. Бүгінде сол сел сенделткен жұрттың мемлекет салып берген су жаңа пәтердің кілтін алып, мәре-сәре болған қоныстойына куә болып қайттық.