Руханият • 30 Тамыз, 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан – Бурабай аралығындағы күре жолдың екі жақ қапталына Ұлы даланың ұлы тұлғаларының бірегейлері Кенесары хан, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай мен Ақан сері ескерткіштері қойылды.Бұл тұлғалардың әрқайсысы халқымыздың жүрегіне жазылған тарих дер едік!
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Жайылымдық жерлердің жайы алаңдатады
Бүгінде Жамбыл облысында жалпы жер қоры 14 млн 426,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 65 пайызы, яғни, 9 млн 406 мың гектар жер жайылымдық болып саналады. Алайда бүгінде көптеген елдімекен үшін жайылымдар басты мәселеге айналып отыр.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Газ келсін ерте – жандансын өлке
Еліміздегі ең ауқымды жобалардың бірі – «Сарыарқа» магистральды газ құбырының басым бөлігі, нақты айтқанда 800 шақырымға жуығы Қарағанды облысының аумағын қамтитын болады. Жалпы ұзындығы 1534 шақырымға тең газ құбырын салуды жүзеге асыратын ересен жобаның еліміз үшін 700 млрд теңге көлеміндегі қаржыға түсетінін де былайғы жұрттың біле жүргені жөн.
Қоғам • 30 Тамыз, 2019
«Самұрық-Қазына» Орталық Азиядағы нөмірі бірінші жұмыс беруші болуға талпынады - А.Есімов
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кадрлық саясаты дарынды жастарды іздестіруге бағытталған. Бұл туралы «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2019
Қырғыз бен қазақ – ежелден бергі ағайындар
31 тамыз Қырғыз республикасының Тәуелсіздік күні. Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас өскен, Алатаудың күнгейі мен теріскейін қоныс еткен қос халықтың тарихи тамырластығы, бауырластығы ажырамай келе жатқаны баршаға аян. «Қазақ-қырғыз бір туған» дейді қос халық. Қиын-қыстау кездерде де, жаймашуақ кездерде де екі халықтың алыс-берісі мен барыс-келісі үзілген емес. Осынау байланыстарды қазір елшілер нығайтып отыр. Біз мереке қарсаңында Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен сұхбаттасып, екі елдің қарым-қатынастары турасында әңгіме өрбіттік.