Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Ғаламдық мәселелерді ынтымақтаса шешудің мәні зор
Аустрияда үкімет басындағы және бұрынғы мемлекет, үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі дәстүрлі саяси форум өтті. Еуропалық және жаһандық мәселелердің шешімін табуға арналған айтулы шара өз алаңында әлемнің 100 мемлекетінен келген 5 мың сарапшының басын қосты.
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кітапханасында британдық режиссер А.Сингердің Семей ядролық полигоны туралы түсірген «Жел қайда соғады?» атты деректі фильмінің көрсетілімі болды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Көшпенділер ойындарының көші түзеліп келеді
Биылғы 2 қыркүйекте Қырғызстанда ІII Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Әр түрлі іс-шаралармен қосталған ұлттық ойындар Ыстықкөл облысындағы айнала тау етегі шыршалармен көмкерілген табиғаты ғажайып Қыршын жайлауында және өлкенің бірден-бір курортты қаласы – Шолпанатада, осы қаладағы спорт кешендерінде және Ш.Айтматов атындағы «Рух Орда» мәдени орталығында өтпекші. Осы үлкен оқиғаның алдында ІII Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына даярлық және өткізу бойынша хатшылықтың жетекшісі Нұрсұлтан Аденовпен әңгімелескен едік.
Қазір қоқыс контейнерінің қасынан өтсеңіз, шашылып жатқан нанды көресіз. Табаныңыздың астында тапталып жатады. Байқамай басып кетсеңіз, бойыңызды бір ыңғайсыздық билейді. Бала кезінен ата-әжелерінің құлаққа құюымен нанды қадірлеп өскен ұрпақ арамызда. «Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар, теріп алып қастерлеп, торғайларға тастаңдар» деген тақпақты тақылдап айтып өскен буын да белорта жасқа келді. Сондықтан нанды дастарқанда шашпауға, аяқ астында жатса баспауға тырысамыз. Бұл жазылмаған заңдылық. Тіпті нанды бір қолмен бөлу де бізге әбес көрінеді. Бұл ерсі қылықтан бір керенаулық, астың қадіріне жетпеушілік көргендей боламыз. Ендеше нан үзімі, кейде тіпті тұтас бөлке неге қоқыс жәшігіне тасталады, неге аяқ астында жатады? Нантепкі заман деген осы болар, бәлкім?!..
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018