Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Тараз тұрғындарының кейбір мердігерлерге көңілі толмайды
Бүгінде Тараз қаласындағы аулаларды абаттандыру мен білім беру мекемелерінің жағдайы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі. Мәселен, облыс орталығындағы "Алатау" шағынауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша бес аула абаттандырылуда. Аталған жұмыстармен "Энерджи-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Жалпы, аулаларды абаттандыру толық асфальттау, көшелерді жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату шараларын қамтиды. Сондай-ақ, Таразда балалар мен спорт алаңқайлары салынып, кеңейтілуде. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аулаларды абаттандыру және мектептердің жағдайымен танысып, бұл ретте мердігерлер мен Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша назар аудару керектігін тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды
29 тамыз күні сағат 02:13-те Ақшат кентінің маңындағы "Ақтөбе – Солтүстік айналма" автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Әлқиса қазақтың ақжүрек пейілін әңгімеге арқау етсеңіз неден бастар едіңіз. Жарлығы жалғыз атың сойып беретін әдетін айтасыз ба, жоқ жауын да сүйсінткен жомарттығын жазасыз ба? Әлде "әр қазақ менің жалғызым" деп баз біреуге жасаған жәрдемін жіпке тізесіз бе? Қалай десеңіз де, көңілі дария халықтың басы біріксе жақсылық жасауға бейіл келетіні бізге аян. Оған дәлел бүгінде "Харекет" қайырымдылық қоры.
Әлем • 31 Тамыз, 2020
Нью-Йорк музейлерінің ахуалы мүшкіл
Нью-Йорктің өнер сүйер қауымы үшін карантин аяқталды: алты ай карантиннен кейін Моне немесе Пикассо туындыларын тамашалап, Джакомметти мүсініне сүйсінуге болады. Осы аптада Манхеттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз есігін қайта ашты, дегенмен залдарда әзірге адамдар бұрынғыдай көп жиналып жатқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Бүгіннен бастап елімізде бірқатар нысан қызметін қайта бастайды
Ведомствоаралық комиссия 31 тамыздан бастап бірқатар нысанның қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.