Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Ақтөбедегі "Бауырластар" кешенінің тұрғындары сусыз қалды
40 градус ыстықта Ақтөбедегі "Бауырластар" үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мамыр айында олар әкімдікке сумен жабдықтаудағы іркілістер және құбырлардағы төмен қысым туралы шағым түсірген, бірақ мәселе әлі шешілген жоқ, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды
Жамбыл облысында мал ұрлағандар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Қордай ауданында 28-30 жас аралығындағы Аңырақай ауылының 3 тұрғынынан құралған топ анықталған. Олар жақын маңда орналасқан "Райсай" жайылымынан жергілікті "Қалижан" шаруа қожалығына тиесілі 10 бас сиырды ұрлаған, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 30 Шілде, 2020
Бүгін – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні
Бүгін, яғни 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Осы маңызды күнді атап өту үшін, USAID қаржыландырып Winrock International жүзеге асыратын "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы" Қазақстанда адам саудасы туралы хабардарлықты арттыру үшін әлеуметтік желілерде кампанияны іске асырады, - деп жазады Egemen.kz
Тағайындау • 30 Шілде, 2020
Е. Оспанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
Қазақстанда тәулігіне 1 млн маска шығарылады
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.