Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Зеленов ауданында жаңа музей ашылды
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының орталығында аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Өндірісті өңір, үлкен аудан орталығында бұған дейін ел мен жер тарихын жинақтаған музей үйі болмаған екен. Астананың 20 жылдығына орайлас келген оқиға ауыл тұрғындарының есінде қалатын болды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көптеген ақтаңдақтардың ақиқаты ашылуына мұрындық болып отыр.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Ортағасырлық Сарайшық қалашығына енді Жайықтан келер қауіп жоқ. Көне шаһар аумағындағы жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды. Жеті хан жерленген делінетін қасиетті жердің біраз бөлігін Жайық өзені шайып кеткен еді.
Өнер • 17 Шілде, 2018
Жаһанды жалт қаратқан «Жезкиік»
Жуырда Жезқазған-Ұлытау өңірін ән-күйге бөлеп I халықаралық «Жезкиік» музыкалық фестивалі өтті. Қарағанды облысы ғана емес, қазақ үшін маңызы зор шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алды. Сайын дала Сарыарқа сұлулығының символы – Жезкиіктің ол өнер жәрмеңкесіне атау болуының да өзіндік маңызы зор. Кеше Кетбұғадай билер кеңес құрып, «Ақсақ құландай» ұлы музыкалар дүниеге келген ұлт бесігі Ұлытауда мұндай іс-шараның ұйымдастырылуы тарихтан тағылымды сыр шертіп жатты.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Елдегі бардың ерінге тигені жақсы немесе қазақ кәсіпкерлерінің қайырымы қандай?
Құдайға шүкір, қазір байлар байыған сайын байып, дүниелерінің есебіне жете алмайтын жағдайға жетті. Бұған қуанбасақ, қызғаныш деген ішмерездік, қолымызды жүрек тұсына қойып айтайын, бізден табылмайды енді.