Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Корейлер салт-дәстүрін көрсетті
Облыс орталығындағы саябақта жыл сайын «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестиваль өтеді. Биыл достық тойы Астананың 20 жылдығына арналды. Мерекені болгар ашса, эстафетаны «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестіктері жалғастырды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Адам баласы жер бетіндегі барлық жаратылыспен және ғарыш құбылыстарымен қоса туғандықтан, бүкіл тіршілік атаулыдан бөлек өмір сүре алмайтыны айдан анық. Ендеше табиғаттың төрт мезгіліне тәуелді болып келген ұлттық болмысымыз өміріміздің, өнеріміздің барлық қырынан қылаң беріп тұрады. Әсіресе бұл әңгіме ауылда туып, қариялардың небір қиссаларын естіп, күннің алаулап батқанын, таңның шүкіршілікпен атқанын сезіне алатын талант иесіне етене жақын.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Үш тілдегі «Сәтбаев» ғұмырнамасы қалай туды?
Жақында елордадағы «Фолиант» баспасынан белгілі жазушы Медеу СӘРСЕКЕНІҢ академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі деректі эссе түріндегі еңбегі жарыққа шықты. Біз осы кітаптың қалай әзірленгені туралы қаламгермен сұхбатты ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Тоқаш тұлғасы қашан еленеді?..
Әттең, тонның келтесі-ай!.. Әншейінде асылдарын ардақтап, арыстарын жоқтауға келгенде ешкімді алдына түсірмейтін бұл қазақтың кейде кежегесі кейін тартып, керенаулана қалатынына қарның ашады. Әйтпесе, көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған, тұтас бір дәуір ақындарының көшбасшысы болған көрнекті ақын Тоқаш Бердияров елеусіз қалар тұлға ма еді?! Бұл да бір қапы дүние...
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз 870 жылы сол кезде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болған Отырарда дүниеге келді. Әл-Фарабидің ілім-білімге деген алғашқы ынтасы, ғылыми ойының алғашқы ұшқындары туған жері Отырарда, оның тамаша кітапханасында пайда болды. Кейіннен ол Шаш, Самарқан, Бұхара, Хорасан, Бағдат, Дамшық (Дамаск), Каир қалаларына барып білімін тереңдете түсті. 950 жылы Дамшық қаласында дүниеден озды.