ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Ұлыбритания өкілдерімен жүздесті
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов Ұлыбританияның Сауда және инвестициялар министрі Грег Хэндспен және ұлттық секция комиссары Чарльз Хендримен кездесті. Тараптар басқосуда екі елдің қарым-қатынасы, баламалы энергетика мәселелері мен британ павильоны жайында әңгіме өрбітті.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Сутекті энергияның пайдасы шаш-етектен
ЭКСПО-2017 көрмесі еліміз бен шет елдерден келген әр сала мамандарының пікір алмасатын, тәжірибе бөлісетін алаңына айналды. Қалашық аумағындағы Конгресс орталықта сутекті энергияға қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Жыл басынан бері Атырау облысында 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Саладағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22,6 пайызға көбейген. Қазір «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 37 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Бизнес • 21 Шілде, 2017
Отынның жаңа түрі – тиімділік кепілі
Еліміздегі ғылым мен білімнің ілгері қарыштап дамуында мұнай-газ өндірісінің өзіндік орны бар. Оған дәлел Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай мен газ кен орындарынан шикізат қорының табылуы. Ол Қызылорда облысындағы кен орындарының ғана емес, республикамыздың өндіріс орындары мен халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына да өз септігін тигізуде.
Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.