Руханият • 31 Шілде, 2019
Адамгершілікке зәру мамандықтар
Әлмисақтан күйбеңі көп, енді күйзелісі көбейген тіршіліктегі мылтықсыз майданда ендігі жерде тек түсіністік пен имандылық қана бір мәнге бөлей алатын шығар?!
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Алтынордалық қолөнершілер қаласы
Уақыттан үстем не бар? Бір кездері «шеберлер қаласы» атанып, атағы жаһанға жария болған шаһардың орны көп жылдар теңіз суының астында қалды. Сарайшықтан шыққан керуендер соқпай өтпейтін ортағасырлық қала Ұлы Жібек жолының бойында қоныс тепкен.
Руханият • 31 Шілде, 2019
Кеңестік заманның «бас жазушысы» Бейімбеттің шығармашылық зертханасында халық батыры Амангелдi Иманов жайындағы еңбектері оқшау тұрады. Бұл партия белгілеп берген әлеуметтік тапсырыс барысында зерттеліп, игерілген тақырып еді. Бұған Ғабит Мүсiрепов екеуi бiрiгiп жазған «Батыр большевик Амангелдi» очеркi, қос автордың жеке кiтап болып шыққан «Амангелдi» (1935) пьесасы, толық нұсқасы сақталмаған «Шабуыл» пьесасы, «Амангелдi» кинофильмi нақты мысал бола алады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Баянауыл – сан ғасырлық тарихы бар, мыңжылдықтар бойы қалыптасқан ғажайып табиғаттың сырлары тұнған өлке. Найзатас, Кемпіртас, Данатас, Қоңыр әулие үңгірі тәрізді тарихи-мәдени жәдігерлер, мүлгіп жатқан кербез дала мен асқақ таулар, адамзатқа арғы-бергіден суыртпақтап үн қатқан бейнелі тастар, сай-сайдан сыңғырлай бұралған бұлақтар мен аспан түстес айнакөлдер, тау бауырын қымтай жауып, өрлей өскен ну орман мен өсімдіктер әлемі – осы өлкенің таусылмас қазынасы дер едік.
Қоғам • 31 Шілде, 2019
«Жеңіл» жазасы «атуға» ауыстырылған Жолдыбаев
Қоғам қайраткері, белгілі ағартушы-педагог, журналист Молдағали Жолдыбаев – «Ұшқыннан» «Егемен Қазақстанға» дейінгі газет тарихындағы оныншы редактор. Газет «Еңбекші қазақ» деп аталған тұста басшылық тізгінін Сәкен Сейфуллиннен кейін ұстаған М.Жолдыбаевтың есімімен Қазақстанның саяси-ағартушылық өміріндегі көптеген оқиғалар тығыз байланысты.