Білім • 21 Шілде, 2017
Қазақ ономастикасының көрнекті өкілі, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Телғожа Жанұзақов тоқсанның төріне шықты. Біз ардақты ағамызды осынау мерейтойымен құттықтай отырып, төмендегі мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Қостанайдан шыққан «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-ағартушылық экспедиция Торғай өңірінде – Амангелді, Жангелдин аудандарындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісі тарихына қатысы бар, тәуелсіздік үшін күрескен ерлердің қаны төгілген қасиетті орындарды, елді мекендерді аралап қайтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Осыған орай облыстық ішкі саясат басқармасының «Ұлы Дала тұлғалары» жобасына кіретін экспедиция жұмысы бұл жолы Кейкі батырға арналды. Облыстағы «Нұршаңырақ» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен жолға шыққан экспедицияның құрамына тарихшы, филолог ғалымдар, өлкетанушылар, журналистер кірді.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Жолаушысы аз автовокзал туралы ой
Сонау өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңы мен 80-ші жылдарының басында Қостанай қаласында үлкен автовокзал салынып, пайдалануға берілген болатын. Ол сол кездегі өлшеммен алғанда өте сәнді де заманауи ғимарат еді және Қазақстанда Алматыдағы автовокзалдан кейін екінші орын алатын. Жолаушылар отыратын залы кең, бірнеше ондаған адам еркін сыйып тамақтанатын асханасы, подвалында ерлер мен әйелдерге арналған дәретханасы мен қол жүгін сақтайтын арнайы орны бар, барлық талаптарға жауап беретін автовокзал біраз жылдар қостанайлықтардың игілігіне айналды.
Президент • 21 Шілде, 2017
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Батыс өңірінде теріс діни ағым ұстанушылар қатары көп
«Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұрғындардың діндарлығы жоғары. Әрине, мемлекет дінге қарсы емес. Бірақ, ескірген діни қағидаларға көзсіз еру қазіргі заманғы шындыққа сәйкес келмейді. Адамзат прогресс, ғылым, инновация жолымен келе жатыр. Осындай жағдайда орта ғасырлық діни қағидаларға орынсыз еліктеу қоғамымызды кері тартады». Атырауда өткен батыс аймағы бойынша тәжірибе алмасу семинарында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді.