Экономика • 23 Шілде, 2024
Балық шаруашылығында бетбұрыс байқалады
Елімізде балықты арнайы өсірумен айналысатын 502 шаруашылық бар. Бөліп қарастырсақ, оның 364-і – көл-тауарлық балық шаруашылығы, 93-і – тоған. Сондай-ақ тізімге 27 тор қоршамада өсіру, 18 тұйықталған және бассейндік балық шаруашылығы кіреді. Былтыр 17,1 мың тонна балық өсірілген (2020 жылы – 6 798 т, 2021 жылы – 7 347 т, 2022 жылы – 13 287 т). Қолда бағылатын балықтың негізгі түрлері – тұқы (тұқы, дөңмаңдай, амур), албырт (форель), бекіре тұқымдас балықтар және африкалық жайын мен асшаяндар.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Азия даму банкі «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу ережелеріне сенім білдіреді
Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстанның БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін 58,2 млрд теңгеге күшейту жөніндегі жобаны қаржыландыратын болады. Бұл кредиттік келісімді жасасу халықаралық қаржы институттарының «Самұрық-Қазына» АҚ тобының сатып алу рәсімдеріне, сондай-ақ халықаралық листингілік компанияларға сәйкес келетін «KEGOC» қызметіне деген сенімін растайды.
Экономика • 23 Шілде, 2024
15 000-ға жуық бағалы металл құймасы сатылды
2024 жылдың II тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау бекеттерінде жалпы салмағы 779,2 келі 14 752 алтын құйма сатылды. Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7 тонна 185 295 алтын құйма сатылды.
Технология • 23 Шілде, 2024
Елімізде оқушылар мен педагогтерге бағдарламалау негіздері оқытылады. Осы үшін арнайы онлайн білім беру платформасының қанатқақты жобасы іске қосылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Абай облысының Көкпекті ауданында Доре қорытпасын өндіру кәсіпорнын іске қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының соңғы кезеңі басталды. «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Eastern Gold» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба өңірдің индустрияландыру картасына енгізілген.