Экономика • 23 Шілде, 2024
Өрісі кеңейген өндіріс ошағы: Рудный металлургтер күнін қалай атап өтті?
Биыл «ERG» компаниясы құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) қызметкерлері үшін қос мереке қатар келді – металлургтер күні және кәсіпорынның 70 жылдық мерейтойы. «ERG» атаулы мерекені өзіне қатысы бар кенді қалалардың барлығында жоғары дәрежеде атап өтті. Мейрам Ақтөбе, Ақсу, Павлодар және Рудныйда тойланды. Құрыш білекті мамандар еселі еңбегі үшін түрлі марапатқа ие болды. Саналы ғұмырын кәсіпорын игілігіне жұмсап келе жатқан еңбеккерлерге көлік пен пәтер де табыс етілді. Қастерлі мереке қарсаңында Рудный топырағына табанымыз тиіп, әдетте көп ісі көпшілікке беймағлұм кәсіп иелерінің жұмысымен тереңірек таныстық.
Қазақстан • 23 Шілде, 2024
Әр облыстың «өңірлік рәміздері» пайда болуы мүмкін
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына қол қойды. Осы заң шеңберінде еліміздегі 17 облыс және 3 республикалық маңызы бар қаланың өңірлік нышандарын нормативтік-құқықтық деңгейде ресми бекіту жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Шілде, 2024
Ферроқорытпа зауытындағы апат: Зардап шеккен бір қызметкер қайтыс болды
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы олардың бірі 22 шілдеде қайтыс болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,4% артты - министр
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін бес жыл ішінде екі есеге ұлғайту мәселелері қаралды. Қабылданып жатқан шаралар туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Шілде, 2024
Үкімет басшысы алты әкімге ескерту жасады
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірнеше облыс әкіміне ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.