Таным • 18 Шілде, 2018
Сынақтар шежіресінен сыр шертеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялар паркі бірлесіп, «Курчатов қаласындағы технологиялық қасиетті орындар» атты бағдарлама қабылдаған еді. Аталмыш бағдарлама облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен биыл жазда жүзеге аса бастады. Осыған орай алыстан ат арытып келген қонақтар ең алдымен Семей ядролық сынақ полигонының деректерінен хабар беретін музейді аралады.
Білім • 18 Шілде, 2018
Елбасы – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізде жүргізілетін маңызды реформалар турасында, оның ішінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру қажеттілігі туралы айтқаны көптің көкейінен шыққан еді. Ал латын әліпбиіне көшудің мақсат-міндеті, қоғамдық-саяси, өмірлік маңызы бұл күнде жалпы қауымға жете түсінікті болып отыр.
Медицина • 18 Шілде, 2018
Малдәрігерлік қызмет уақыт талабына сай ма?
Қазақстан өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар 40 млн қой, 9,5 млн ірі қара және басқа да мал түліктерін өсіріп, бір жарым миллион тонна (сойыс салмағы) сапалы етті шетелдерге шығарып келді. Мал басын сақтау шаралары, малдәрігерлік жұмыс жолға қойған еді.
Медицина • 18 Шілде, 2018
Жаңа әскери мамандықтар ашылды
Еліміздің әскери ЖОО-ларында қазақстандықтар үшін жаңа әскери мамандықтар қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биылғы жылдан бастап Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Қарулы Күштерін ақпараттық технологиялар саласы мамандарымен қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет «Бағдарламалау» біліктілігін бере отырып, «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды.
Тәрбие • 18 Шілде, 2018
Баланың ойлауы ойнау арқылы қалыптасады
Байырғы бабаларымыз елдің ертеңін баланың қалай ойнағанына қарап болжаған деседі. Бүгінгі қоғамда біз жиі қолданатын «бала – елдің болашағы» деген ұран осы бір оймен ұштасып жатқандай көрінеді. Баланың ойлауы дұрыс ойнауынан басталатынын о бастан сезген халқымыз бұл мәселеге ешуақытта атүсті қарамаған. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерімізді өркендеудің берік діңі ету керек» деген жолдар бүгінгі жаһандану заманында бүлдіршіндерді атадәстүрден ажыратпай, ұлттық болмысқа сай тәрбиелеудің маңызы зор екенін тағы да бір қуаттап тұрғандай. Өз кәсібін осы бағытқа бағдарлаған алматылық шебер Айдар Бексұлтановтың қолтаңбасынан шыққан балаларға арналған шағын ойыншық киіз үйлер жаңғырудың нағыз жарқын үлгісіндей болып көрінді.