Білім • 18 Шілде, 2018
Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия үздіктері көп үлгілі мектеп
Түркістан облысында бір мектеп бар, түлектерінің барлығы дерлік ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі жыл сайын түлектерінің 40-50-і «Алтын белгі» мен 20-дан астамы «Үздік аттестат» иегері атанып шығады. Таңғалатындар да, мұндай жоғары көрсеткіштің құпиясын білгісі келетіндер де көп. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, ешқандай да құпия жоқ. Тек әрбір ұстаз өз міндетін мінсіз атқарып, әр оқушы білімге деген таудай талаппен мектепке асығады.
Білім • 18 Шілде, 2018
Семейлік оқушылар дін тарихын оқиды
Семейде 8-сынып оқушыларына жаңадан кіргізілетін «Дін тану негіздері және зайырлылық» курсы талқыланды.
Білім • 18 Шілде, 2018
«Цифрлы Қазақстан» үлкен мүмкіндіктер сыйлайды
Былтыр Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жүктелгені мәлім.
Білім • 18 Шілде, 2018
Батыс Қазақстан облысында екі мектеп пайдалануға беріледі
Астананың 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысында екі мектеп пайдалануға беріледі. Салтанатты ашылуы жаңа оқу жылының басына жоспарланғанымен, Астана күні қарсаңында Дариян және Шабдаржап ауылы тұрғындары су жаңа мектеп ғимаратымен танысты. Жаңа құрылыс нысандарының сапасын тексере келген өңір басшысы Алтай Көлгінов жұртшылықпен жүздесіп, ауыл халқын елде және облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.
Таным • 18 Шілде, 2018
Жауын жастана жантайған Жабағы батыр
Қостанай-Торғай өңірінде 29 нысан Елбасымыз ұсынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындағы еліміздің сакральды картасына енді. Оның арасында 10 ескерткіш республикалық ұлттық тізімге кірді де, қалған 19-ы жергілікті сакральды орындары болып саналады.