Әдебиет • 24 Шілде, 2024
«Түркі дүниесінің рухани мекенінде» туған тұғырлы туынды
Башқұрт тілінде «төрк» деген қастерлі сөз бар. Қазақшасы – түрік. Орысша сөз қолданыста «турок», «тюрк» болып кете береді. Түрік тілдерінде 160 миллионнан астам адам сөйлейтінін еске алсаң, көңіліңді қуаныш кернейді. Қазіргі заманда ғалымдар түріктердің бүкіл адамзаттық өркениеттің басы болғанын айтып жүр. Өкініші – Түріктердің бүгінгі ұрпағы тамырдан алыстап кетті. Көбісі түрік сөзінің ішкі мағынасын түсіне бермейді. Алыс-жақын түрік халқына өздерінің бағзы бір түріктің ұрпағы екенін ұғындырсам, Түркістан түбірге сайсаң Түрікстан екенін жетесіне жеткізсем деп жүрген бір азамат – біздің қазақ досымыз Құлбек Ергөбек.
Білім • 24 Шілде, 2024
Жетісуда ондаған елді мекеннің алдағы күніне алаңдаған жұрт көп. Негізгі себеп, тұрғындардың қалаға үдере көшуі. Жер бар, мал бағамын десе еркі, бірақ оған құштар азаматтар аз. Сондықтан оқитын бала болмағаннан кейін, мектептердің де біртіндеп есігі жабылып жатыр. Мәселен, биыл өңірде бастауыш сыныпқа арналған оннан астам шағын білім ошағы жабылуы мүмкін. Облыстық білім басқармасы бұл қадамға амалсыздан баратынын айтып отыр.
Әлем • 24 Шілде, 2024
Қазір әлемдегі халық саны 8 миллиардтан асты. Тез өсіп-өну азық-түлік пен әлеуметтік мәселелердің уақтылы әрі орнықты шешілуін қажет етеді. Осы мақсатта БҰҰ әлемдегі халық санының есебін тұрақты түрде жүргізіп келеді. Біз БҰҰ-ның Дүниежүзілік халық санының болашағы есебі туралы айтуды жөн көрдік. 28-басылым тарихи демографиялық үрдістерді сараптау негізінде 237 ел немесе аймақ бойынша 1950 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі халық санының бағалауын ұсынады. Сондай-ақ зерттеуде 2100 жылға арналған халық санының болжамы берілген.
Аймақтар • 24 Шілде, 2024
Зауыттағы апат: кінәлілер жазаланады
Өткен сенбі күні сағат таңғы төрттен аса «YDD Corporation» ЖШС-ның ферроқорытпа зауытында №1 пештен жалын атқылады. Оттың қатты жалынынан сегіз адам зардап шегіп, күні кеше денесінің 85 пайызын күйік шалған бір жұмысшы көз жұмды.
Аймақтар • 24 Шілде, 2024
Газ бен ауызсуға зәру елді мекендер
Жетісуда шешімін күткен жұмыс әлі көп. Әр салада ілгерілеу бар, дегенмен кем-кетігі де жоқ емес. Мәселен, газдандыру тақырыбы әлі де тұрғындарды толғандырады. Одан бөлек, ауызсу және кәріз жүйелерін реттеу секілді жұмыстар да – жетісулықтардың жиі көтеретін мәселелерінің бірі. Бүгінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы аталған түйткілдердің алдын алу үшін ауыл-ауылды аралап жүр.