ЭКСПО-2017 • 25 Шілде, 2017
Папуалықтар экзотикалық өнерімен тәнті етті
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Папуа-Жаңа Гвинеяның өкілдері ұлттық күндерін мерекеледі. Салтанатты шара аясында ел әртістері көпшілікке экзотикалық өнерлерін көрсетті.
Спорт • 25 Шілде, 2017
Біздің жігіттер шөгенді жатсынбайды
Аргентинаның ұлттық күні аясында латынамерикалықтар мен Қазақстан құрамасы шөген ойынынан жолдастық кездесу өткізді. Ат спортының бұл түрі Аргентинада жақсы дамыған. Ал біздің елде енді ғана қолға алынуда. Ат құлағында ойнаған жігіттеріміз тәжірибелі қарсыластармен тең дәрежеде ойын көрсеткенімен, 5:3 есебімен есе жіберді. Дегенмен шабандоздар кездесуден үлкен тәжірибе жинады.
Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Маусым айында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, оның «Рухани жаңғыру және шетелдегі қазақтар» деген айдармен өтуі. Екіншіден, құрылтай қонақтарының 80 пайызға жуығы бұрын қатыспаған жаңа адамдар болса, осылардың 60 пайыздан астамы 35-ке дейінгі жастар. Құрылтайға әлемнің 39 елінен делегат, оған қоса Қазақстанның барлық облыстарынан зиялы қауым өкілдері келді.
Аймақтар • 25 Шілде, 2017
Еңселі ескерткіштер сап түзеді
Барқытбелдің баурайында, қасиетті Тарбағатай жерінде, бұрынғы аудан орталығы – Ақжар өңірінде ел көңілін серпілткен бірқатар тағылымды іс-шаралар өтті.
Медицина • 25 Шілде, 2017
Ұлтты сақтап қалудың рухани тетігі
Белгілі француз ғалымы, мәдениеттанушы және философ Ж.К.Леви-Стростың заманамызға қатысты «ХХІ ғасыр – гуманитарлық ғылымның ғасыры болады, әйтпесе ол мүлде болмайды» деп айтқан батыл болжамы бар. Тәуелсіздік алғалы бері еліміздегі индустрияландыру үдерістері кезең-кезеңімен енгізіліп, жүйелі қолға алынғанына қарамастан, күткендегіміздей түбегейлі ментальды өзгерістер бола қоймады. Сондай-ақ индустрияландырудың осынау сатысы «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген қазақстандық ұстанымның бүгінгі заман талабына сай ой сүзгісінен өтіп, санада қайта қаралуына шынайы сұраныс тудыруда. Бұл жағдайлар ел өміріндегі объективті өзгерістердің ендігі кезекте гуманитарлық мәселелерді қозғауға толықтай пісіп-жетілгендігін көрсетіп отыр.