Тарих • 19 Шілде, 2018
Арқайым – аңыздар андыздаған алқап
Арқайымға баруды аңсап жүр едім, қызығы Алматыға өзі келді. Жақында Мемлекеттік орталық музейде «Синташта» бірегей мәдени-тарихи кешенінің зерттелуіне 45 жыл және қола дәуірінің дүние жүзіне әйгілі археологиялық ескерткіші Арқайымның табылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Арқайым – қалалар елі: кеңістік пен бейнелер» атты халықаралық фотокөрмесі ашылды.
Аймақтар • 19 Шілде, 2018
Өткен жылы отандық фотожурналистикада алғаш рет дау туып, белгілі фототілші Сәрсенбек Қызайбекұлы «авторлық құқығымды бұзып, суретімді рұқсатсыз пайдаланды» деген арызбен Алматы қалалық ішкі саясат басқармасынан 1,5 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен-ді. Фототілшіні осы қадамға баруға мәжбүрлеген мұндай оқиғалардың жиілеуі болатын. Қалай десек те, бұл оқиға фототілшілердің суреттерін сұраусыз баса беретін БАҚ өкілдері үшін сабақ болғаны даусыз.
Әлем • 19 Шілде, 2018
Баян-Өлгей аймағы су тасқынынан зардап шекті
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында нөсер жауынның салдарынан 530 үйді су басып қалған. Табиғи апат кезінде 2512 адам эвакуацияланып, мектептер мен балабақшаларға орналастырылды. Апат салдарынан келген шығын көлемі алдын ала болжам бойынша 4 млн АҚШ долларынан асып отыр.
Әлем • 19 Шілде, 2018
АҚШ – Ресей: Серіктестіктің соны серпіні
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы аптада Хельсинкиде АҚШ пен Ресей президенттерінің көптен күткен кездесуі өтті. Екіжақты саммитке бүкіл әлем назар аударып, жиын барысында екі ел арасын жақындастыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Бүгінгі күні АҚШ та, Ресей де Қазақстан үшін стратегиялық әріптес саналады. Сондықтан екі ел басшылары келіссөздерінің нәтижесі, екі ел арасындағы байланыстардың алдағы уақытта қалай өрбитіні еліміз үшін де маңызды. Осы орайда, аталған кездесуде талқыланған мәселелерге көз жүгіртіп көрген едік.
Қазақстан • 19 Шілде, 2018
Еуразия сәулетшілер академиясын құру ұсынылды
Астанада 14-шілдеден бастап өтіп жатқан халықаралық сәулетшілер конгресі кеше аяқталды. Бір сөзбен айтқанда, шетелдік кәсіби тәжірибеге сүйене отырып заманауи отандық сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл игі шара туралы газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Енді шара қорытындысы мен конгресі аясында көтерілген бірқатар ұсыныстар туралы айта кетсек.