Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Театр • 25 Шілде, 2017
Облыс орталығына жақын маңдағы Сайрам елді мекенінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрының ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, шығармашылық ұжымға сәттiлiк тiлеген болатын. Содан бері 2003 жылғы 22 қазан мұндағы өзбек жұртшылығы үшін ең бір естен кетпес тарихи күн болып саналады. Әне-міне дегенше арқа-жарқа күй кештірген сол бір қуанышты сәтке биыл күзде 15 жыл толады екен. Зымыраған уақыт-ай десеңші. Осы аралықта 60-тан астам туынды сахналанса, бұлардың ішінде этносаралық татулықтың қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған тұшымдылары қаншама. ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы Қазақстан Ұлттық (этникалық) театрларының IV республикалық фестиваліне қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры елордалықтарға мерекелік шашу ретінде «Қожанасыр Сайрамда» спектаклін тарту етті. Осы сәтті пайдаланып біз театрдың жас әртісі әрі режиссері Жавлон Саидовты әңгімеге тартқан едік.
Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықыласына бөленіп, өзіндік сыр-сипатымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Тасыған сияқты журналистер жүргізіп келе жатқан ток-шоулар көпшілік көңілінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді талқылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған тақырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.
Руханият • 25 Шілде, 2017
Күй дегеніміз – расымен де шарқ ұрған сезім мен сарқылған төзім екен ғой. Әйтпесе, қияқ ысса қобыздың бесті айғыр қылынан шыққан үнге, көбе сөгер көк серкенің шегінен төгілген сиқырлы музыкаға ұлы дала халықтары неге құмар?! Арқа жағында, тура айтқанда, Мойынты құмында әйгілі шертпе күйдің шерлі ұлығы Тәттімбеттің «Бес төресіне» берілген керемет баға бар. Егер күйге қол жалғаған домбыраңыз «Бес төрені» шертуге жараса, онда ол домбырамен барлық күйді мүлтіксіз мәнермен орындай беруіңізге болады.
Руханият • 25 Шілде, 2017
«Ұлы Дала тұлғалары» дестесі аясында ҰҒА академигі У.Қалижановтың басшылығымен жарияланған «Абай» атты кітап жақында қолыма тиді. Мұнда заңғар жазушы М.Әуезовтің 1933 жылы алғаш жарық көрген «Абайдың туысы мен өмірі» мақаласы берілген екен. Еңбекті оқып отырып болашақ ұлы ақын балалық шағында екі шешенің – Ұлжан мен Айғыздың ортасында өскендіктен үлкендер «Телқара» атағанын білгенде, есіме әріптес ағам Тұяқбай Рысбеков түсе кетті.