Таным • 30 Шілде, 2018
Әуелі Астана астық. Одан соң Қарағанды. Қарағандыдан пойызбен Жезқазған қаласына жеттік. Жусан иісі аңқыған сайын даланың төсіндегі жып-жинақы, шағын шаһар құшақ жая қарсы алды. Алдымен Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық мұражайына саяхат жасадық. Тылсым тарихтан суыртпақтап сыр тартатын көне жәдігерлер көп екен.
Таным • 30 Шілде, 2018
Жылқы! Осы бір ауыз сөзді естігенде ішің уылжып сала береді. Құдды ауыздығымен алысқан жүйрікке мініп жүйткіп келе жатқандай әдемі әсер аласың. Тіршіліктің зілбатпан салмағын серпіп тастап, көңіліңді көкке көтеретін сәт туатын тәрізді. Асылында біз «тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп төрт түліктің төресі – жылқыны қадірлеп өскен елміз. Әрине түптен тартып сабақтасақ, жылқы жарықтықтың қазақтың жаны мен қанына, рухына сіңген қасиеті аз емес қой. Арыдағы азуын айға білеген аталарымыз пешенесіне жазылған дәулетті жылқының санымен бағалаған. Арқа төсінде де, Қараөткел мен Көкшетаудың қасиетті даласында да мыңдап жылқы баққан байлар аз болмаған. Байлықтың қадірін білген бабалар қыздың қалың малын, тіпті адамның құнын жылқымен есептеген.
Қазақстан • 30 Шілде, 2018
Үздік тауар өндірушілер анықталды
Таяуда Астанада дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесі өтті.
Таным • 30 Шілде, 2018
Қазақ халқының ежелден келе жатқан музыка өнерінің сан қатпарлы тарихы бар. Ежелгі заманнан бүгінгі дәуірдің тоғысына дейін жеткен көне саз аспаптарының түпкі тарихын жұртшылыққа дәріптеу – басты міндетіміз. Солардың бірі – желбуаз аспабы.
Футбол • 30 Шілде, 2018
Келесі кезеңге өтуге мүмкіндік бар
Өткен апта футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойындар өтті. Алдағы сәрсенбі және бейсенбі күндері қарымта матчтар ойналады. Ел чемпионы «Астана» сырт алаңда Данияның «Мидтьюлланд» командасымен күш сынасса, Алматының «Қайраты» Нидерландының азулы клубы «АЗ» (Алкмаар) клубымен, Қостанайдың «Тобылы» Арменияның «Пюник» ұжымымен кездеседі.