Президент • 20 Шілде, 2018
Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтаулар
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтері басшыларынан, өкілетті органдар депутаттарынан, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті.
Қазақстан • 20 Шілде, 2018
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ілкімді іс
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алдына еліміздің ақпарат пен коммуникация саласындағы мәселелерді реттеуге қатысты бірқатар міндеттер қойғаны белгілі. Соның ішінде отандық медиа кеңістікті нығайту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі айрықша аталған. Салалық ведомство бүгінде бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Күні кеше министрлік осы жұмыстардың аясында шекара маңына жақын аудандарды отандық ақпарат құралдарымен қамту бойынша ілкімді істің жүзеге асқанын хабарлады.
Президент • 19 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Шілде, 2018
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мезгілсіз дүниеден өткен Денис Теннің ата-анасы Оксана Алексеевна мен Юрий Александровичке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Үкімет • 19 Шілде, 2018
Үкімет басшысы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.