Зерде • 25 Шілде, 2024
Ақмола астана болғалы бері Алашты танытуға қатысты біршама жұмыс атқарылды. Бірақ әлі де тындыратын іс аз емес. Атқарылған жұмыстар дегенде, алғаш Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаштың 30-40 тұлғасының атына көше берілгені еске түседі. Бұл шара 2000 жылдардың басынан қолға алынды. Алайда ол кезде бірізді әрі жүйелі жоспар болмай, зиялылардың есімі көбінесе Сарыарқа ауданының шеткі және күтімсіз көшелеріне берілді. Мәселен, А.Байтұрсынұлы есімі басында айтылған жақтағы шағын көшеге қойылды. Әйтеуір кейін намысты азаматтардың арқасында Алматы ауданындағы жаңа да көрікті көшеге ауыстырылды. Ә.Бөкейхан есімі әу баста бұрынғы қысқа «Сакко және Ванцетти көшесіне» беріліп, кейін сол жағалаудағы Еңбекшілдер көшесімен ауыстырылды. Осындай түсініксіздеу жағдай біздің атамыз – Алаш тұлғасы, қайраткер, қаламгер Хайретдин Болғанбайдың атын ұлықтауға байланысты да байқалды.
Қоғам • 25 Шілде, 2024
Өзге салалар секілді медицина әркез жоғары технологиялық құрал-жабдықтарға зәру. Демек денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жобалардан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Мұны жақсы білетін «QazBioPharm» ұлттық холдингі шетелдік компаниялармен ауқымды жобаларды үйлестіруге ниетті.
Қоғам • 25 Шілде, 2024
Облыс орталығынан жырақ орналасқан шағын елді мекендерді сақтап қалудың бірден бір жолы – жаңа нысандар салып, тұрғындардың тілегін орындау. Осы ретте Алакөл ауданына қарасты Қоңыр ауылында талай жыл жұртқа арман болған медицина кешені бой көтерді. Сөйтіп, жұмыс іздеген мамандарға да қызмет табылды.
Өнер • 25 Шілде, 2024
Жаз басталысымен елорданың әр сахнасында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатыны бүгінде дәстүрге айналған. Осы ретте «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» музыкалық кешін ерекше атап өтеміз. 26 шілде мен 2 тамыз аралығында К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында дарынды әртістердің жаңа буын өкілдері – жетекші отандық және шетелдік шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері өнер көрсетеді. Айта кетейік, жас таланттардың шеберліктері мен кәсіби біліктіліктері беделді халықаралық байқауларда бірнеше мәрте жүлделі орындармен бағаланып үлгерген.
Денсаулық • 25 Шілде, 2024
Ауыр дертке жәрдемші бағдарлама
Дертті болып жүрген жандарды бірінші кезекте ажал шеңгелінен алып қалатын жайт – дер кезінде қойылған дұрыс диагноз. Медицинасы дамыды, инновациялық технологияларға қол жеткізді деген елдердің өзінде де кейбір науқастар өзінің диагнозын білмей өмірден озып жататынын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, тұқым қуалайтын ангионевроздық ісікпен (ТҚАІ) туған науқастардың 80%-ы диагнозы анықталмай, дертін білмей өмірден өтіп кетеді.