Еңбек • 25 Шілде, 2024
Еңбегің елдің кәдесіне жараса, одан артық бақыт бар ма? Күнімен қызуы бет қаратпайтын көріктің жанында тұрып сом темірді сағызша илейтін ұста Иван Киселевтің бар ойы осыған саяды.
Еңбек • 25 Шілде, 2024
Темір балқытқандар құрметке бөленді
Өскемендегі Спорт сарайында мерекелік іс-шара өтті. «Қазцинк» компаниясы металлургтерге ғана құрмет көрсетіп қоймай, бүгінгінің батырларына да «Ізгі жүрек» сыйлығын табыс етті.
Еңбек • 25 Шілде, 2024
Тапсырыс түкпір-түкпірден түседі
Арбаға таңылғанымен, жұмыстан қол үзбей келе жатқан Дархан Хамитовтің өнеріне, өмірге деген құлшынысына қарасаңыз, сандалып, жұмыс таппай жүрген зіңгіттей жігіттерді аяп кетер едіңіз. Дархан шеткері жатқан Бозша ауылында тұрады. Соның өзінде электр техникаларын жөндетуге ауданның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан тапсырыс түседі.
Зерде • 25 Шілде, 2024
Ертіс-Баян өңірінен шыққан тарихи тұлғалардың қатарында Алпыс балуан да бар. Оның есімі мен аңызға бергісіз жеңістері жергілікті өлкетанушылар мен тарихшыларға, қазыналы қарттар мен көкірегі ояу, көзі ашық жандарға мәлім болғанымен, қазіргі жастар атақты балуан жайында білмеуі мүмкін. Сондықтан оқырман қауым үшін даңқты балуанның өмір жолы туралы қолда бар деректерді тағы бір мәрте жаңғыртып қойғанды жөн көрдік.
Еңбек • 25 Шілде, 2024
Теміртаудағы Қазақ металлургия зауыты – Қазақстан қара металының тұңғышы. Сол себепті Теміртау қара металлургияның қадірлі Отанына айналды. Ал Балқаш кен-металлургия комбинаты алғаш мыс бұлағын ағызғаннан бері ел экономикасының күретамырына айналды. Осы екі алпауыт мыс шаһарында жүріп, құрыш құйып, болат балқытқан металлургтер мерейлі мерекелері қарсаңында құрметке бөленіп, мемлекеттік наградаларға ие болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістегі өнімді еңбегі үшін бірқатар сала қызметкеріне мәртебелі марапаттарды аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тапсырды.