Оқиға • 31 Шілде, 2025
Камчатка жағалауында бір сағатта сегіз жер сілкінісі тіркелді
Соңғы бір сағат ішінде Камчатка түбегі жағалауында сегіз жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпулері 4,5-тен 6,7 балға дейінгі магнитудамен тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Шілде, 2025
Трамп бірқатар елмен сауда келісіміне қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамызға жоспарланған жаңа тарифтер енгізілмей тұрып, бірнеше мемлекетпен сауда келісімдеріне қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 31 Шілде, 2025
ХҚКО-лардағы заңды белден басу қалай бақыланады
Бүгін Алматы қалалық Әділет департаменті 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген бақылау, қадағалау жұмыстарының қорытындысын жариялады. Тексеру барысында нотариус, адвокат, құқықтық кеңес берушілер мен әсіресе, Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы басты назарда болған. Ал статистика бақылаудың күшейіп, азаматтардың шағымдары да белсенді түрде қаралып, заңды белден басудың жолы кесіле бастағанын көрсетеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 31 Шілде, 2025
Алдағы 4 жылда қатты қалдықтарды өңдеу көлемі артады
2029 жылға дейін қатты қалдықтарды қайта өңдеу және басқаруды 40%-ға жеткізу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 345 млрд теңгені құрайтын 67 жобаны жүзеге асыруға әзірлеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды
2025 жылдың маусым айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша, қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытына оң баға беріп отыр. Қоғамдық саясат институты 18 маусым мен 4 шілде аралығында өткізген сауалнама қорытындысына сәйкес, респонденттердің 79,4%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді, деп хабарлайды Egemen.kz.