Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесі 2017
2017 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК мен басқа мемлекеттік органдардың бірлескен күшімен денсаулықты қорғау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғайтын мемлекеттік жүйе – МӘМС жүйесінің бірінші кезеңі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы заңының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар» 27-бабына сәйкес іске қосылды. МӘМС Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық азаматтарды қамтуы тиіс.
Аймақтар • 26 Шілде, 2017
Кәсіби балық шаруашылығы қолға алынды
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында бірқатар жобалар қолға алынып, оның кейбірінің алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Елбасы айтқан жаһандық бәсекеге қабілеттілік осындай игіліктер аясында көрініс тапты. Мәселен, әрбір өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар.
ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017
Тарихи тараздан – еңселі елордаға
Құрамында 500 адам, 20 түйе, 46 жылқы, 10 жүк автокөлігі, 50 орындық 3 автобус және 6 қызметтік автокөлігі бар тарихи Тараздан еңселі елордаға бет түзеген көрікті көш. Себебі ағымдағы жылдың 26-30 шілдесі аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында ежелден алуан түрлi мәдениеттер тоғысып, таңдайы жырға, маңдайы нұрға бөленген шайырлар мекені, мыңжылдықтар мұрасының көне жұрты Жамбыл облысының күндері өтеді.
ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017
Шағын қаланың шарапатты мүмкіндіктері
ЭКСПО халықаралық көрмесі қалашығында Сингапур Республикасы ұлттық күнін мерекеледі. Павильондарын «Шағын қаланың үлкен мүмкіндіктері» деп атаған мемлекеттің аумағы Астанамен шамалас қана. Олардың табиғи ресурстары да шектеулі. Сондықтан болар, сингапурлықтар тәуелсіздігін алған жылдардан бастап баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше мән берген екен.
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Қазақстан – халықаралық комитет төрағасы
Женевада Кодекс Алиментариус комиссиясының (Codex Alimentarius – Тамақ Кодексі) 40-сессиясы өтті. Оған Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.