Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті
Облыс өңіріндегі су айдындарында соңғы күндері үш адам суға кетті. Қайғылы жағдайдың орын алу себебі бірден түсінікті болған, олардың барлығы да рұқсат етілмеген, құтқару құралдарымен жабдықталмаған жерлерде шомылған. Ажал құшқандардың біреуі жасөспірім, екіншісі биыл ғана мектеп бітірген жігіт, үшіншісі ересек адам. Биыл жаз кеш шықса да, шілде айы басталғалы суда ажал құшқан жағдайлар жиілеп кетті.
Технология • 21 Шілде, 2018
Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады
Енді тегін Smart Astana мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде астаналық жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды таңдау мүмкін болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Қызылордада «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті
Күн тәртібінде ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Семинарға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев, ҚР Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, «Қазсушар» РМК және өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Қостанайда Дениспен қоштасу рәсімі өтті
Әлемге белгілі спортшы, олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың іргесін қалаған Денис Теннің трагедиялық өлімі қостанайлықтардың да қабырғасын қайыстырды. Қолына ақ түсті шар, гүл ұстаған қала тұрғындары Тобыл өзенінің жағсындағы «Шағала» саябағына қарай ағылды. Өзен жағасында бұзақылардың қолынан қапияда қаза болып, аққан жұлдыздай арамыздан кетіп қалған Денисті еске алып, онымен қоштасты.
Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Қостанайда Ұлы Отан соғысының ғасыр жасаған ардагері ұлықталды
Бүгінде арамызда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары өте сиреп кеткені белгілі. Көптеген елді мекендерде соғыс ардагерлері бірлі-жарым ғана немесе тіпті қалған да жоқ. Қостанай қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері және Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің зейнеткері, ішкі істер қызметінің майоры Михаил Степанович Кондратенко ақсақал 100 жасқа толды.