Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Даму үшін оқшаулану жарамайды. Инвестиция тарту, алыс-беріс, барыс-келіссіз алға жылжу болмақ емес. Алматы облысы шаруашылықтың барлық саласында осындай әріптестікті дамытуға күш салып келеді. Мүмкіндігі мол халықаралық деңгейдегі инвесторлар мен компанияларды ел экономикасының нығаюы үшін пайдалана білу де маңызды. Осы мақсатта облыс әкімі Амандық Баталов «Еуразиялық іскерлік кеңес» коммерциялық емес серіктестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Олег Сосковецпен (Ресей) кездесті.
Шұғылалы шығыстың Астанаға тартуы
21-25 шілде күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтті. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылған ауқымды бағдарлама шеңберінде жұртшылық шырайлы шығыстың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, театрландырылған қойылымын тамашалап, әсем ән мен күйге бөленді.
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң...
Иә, қоғамға оптимистік көзқараспен қарау керек десек те, өткен ғасырдағы Жер шары тұрғындарымен салыстырғанда бүгінгі адам баласының денсаулығында ақаудың анағұрлым көп екені белгілі. Осыдан отыз жыл бұрын атын естімеген аурулар қазір әлемге кең тарағаны да шындық. Денсаулық дегенде ішер су, жұтар ауаның сапасыздығын, яғни қоршаған ортаны айтамыз. Бәріне экология кінәлі сияқты. Бірақ айналадағы құбылыстарға адамның да әсері бар екені сөзсіз.
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Әуе билетінің құны неге қымбат?
Әуе тасымалы іске қосылғалы айшылық алыс жерге қатынау жеңілдегені белгілі. Әсіресе, Қазақстан секілді жер көлемі өте үлкен ел үшін мұндай тасымал халықтың өзара байланысын одан әрі бек нығайта түсетіні анық. Қазіргі таңда елімізде жолаушы тасымалымен айналысатын 10-нан астам авиакомпания бар. Былтыр еліміздің әуе компаниялары 6 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған екен. Жылдан жылға бұл салада ілгерілеушілік анық байқалады. Алайда, қарапайым халықтың көңілі бір нәрсеге толмайды. Билет құны...
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Әркімнің-ақ балалық бал дәуренінде өміріне өшпестей болып таңбаланатын ерекше бір оқиға болады. Сондай ұмытылмас жайт көк белдерді қызыл-жасыл гүл көмкерген көктем келген сайын есіме түседі. Сол сәтте бойымды қимастық сезім билейді. Ауызыма анам ұйытқан айран дәмі келеді.