Қазақстан • 22 Шілде, 2018
Бүгін ауа райы құбылмалы болады
Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 шілде күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Қазақстан • 21 Шілде, 2018
Ғаламат із қалдырған қаршадай ұл
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған, қара жамылған қара құрым халық көз жасына ерік берді. Сарайдың ішінде де, сыртында да еңкілдеп жылап жатқан жұрт кеше ғана барша жанкүйерін өрелі өнерімен тамсандырып, сан миллион көрерменге шаттық сыйлау арқылы Қазақстанды әлемге танытқан әйгілі спортшының 25 жасында қыршынынан қиылғанына сене алар емес... Амал нешік, қамшының сабындай ғұмырында ғаламат із қалдырған қаршадай ұл туралы өкінішпен, өзекті өртеген өксікпен, тек өткен шақта айтуға мәжбүрміз.
Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Соңғы кезде тұтастай республикамыз алып құрылыс алаңына айналып бара жатқандай көрінеді. Өйткені еліміздің қай қиырына барсаңыз да қайнаған қызу құрылыс нысандарына тап боларыңыз анық. Театр киім ілгіштен басталса, кез-келген құрылыс ең алдымен жобалау-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеуден бастау алмақ. Айталық қазіргі кезде бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттарды уақытты созбай мерзімінде әзірлеудің рөлі мен жауапкершілігі жоғары екені хақ.
Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері, мұз айдынының ханзадасы атанған Денис Теннің қазасы атыраулықтарға да ауыр тиді. 25 жыл ғана ғұмырында қазақ елінің атын аспандатып, олжа салған жас спортшымен аймақ тұрғындары Мұз сарайының алдына жиналып, қоштасты.
Аймақтар • 21 Шілде, 2018
Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды
Тараз қаласындағы "Жеңіс" саябағында қарақшылар қолынан қаза тапқан әйгілі спортшы Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды.