Руханият • 02 Шілде, 2021
Қазақ зерттеушілерінің көбі домбыра текті музыкалық аспаптың ең кемі алты мың жылдық тарихы бар деп жорамалдайды. Бұған негіз: 1986 жылы атақты Майтөбе жайлауынан этнограф Жағда Бабалықұлы тапқан таңбалы тасқа қашалған бейне, оның неолит дәуірінің жәдігері екені жөнінде археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар жасаған пайым. Қазақ топырағында көне аспаптан бір белгі қалғандығын растайтын айғақ осы.
Әдебиет • 02 Шілде, 2021
Әдебиетті қолдау бағдарламасы әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді
Елімізде мемлекеттің тікелей қолдауымен кітап шығаратын һәм оны кітапханаларға таратып, белгілі бір мөлшерде қаламақы беретін жалғыз бағдарлама бар: «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары». Ол екі бағыттан тұрады: әдебиеттерді сатып алу және басып шығару мен тарату. 2017 жылдан бастап іске асқан бұл бағдарламаның сатып алу бағыты бойынша автордың құқын 70 жылға шектейтін. Былтыр «Мәдениет туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, авторлық құқықты сатып алу мерзімі 5 немесе 3 жылға қысқарды. Сондай-ақ қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату бағытында басылымға өтінімдерді қабылдау Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы арқылы жүзеге асырыла бастады.
Пікір • 01 Шілде, 2021
Білекке емес, білікке салу өнері
Әлбетте, мәмілегерлік – жұмылған жұдырықты ашатын, ашылған алақанды қауыштыратын, жатты таныстыратын, жақынды табыстыратын ізгі мамандық.
Аймақтар • 01 Шілде, 2021
«ҚазТрансГаз Аймақ» қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың Қызылордадағы бөлімшесі тарифтік смета шығындары бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Шілде, 2021
«Astana Finance Days 2021» аясында «Mining Club» форумы өтті
1 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастыратын жыл сайынғы Astana Finance Days конференциясы аясында Mining Club ұйымының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.