Өнер • 02 Шілде, 2021
Әр дәуірге тән күй өнерінің классиктері болады. VII ғасырдағы Қобыз күйінің классигі – Қорқыт ата (түркі халқына ортақ ұлы ойшыл, жырау) десек, ол біздің жылсанауымыздан бұрынғы III-II ғасырларда дүниежүзіне үстемдік құрған сақ, ғұн, қыпшақ дәуіріндегі домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғылармен орындалған мифтік сарындағы «Боздала», «Бозайғыр» күй мәнерін ұлғайтып, өз күйі – «Өмір жырын» соныдан тудырды. Сол негізде түркі халықтарына ортақ күй мұрасы «Қоңыр күй» стилін жасап, адамзат баласына күй тартудың жаңа соқпағын салып берді. Ал енді сол екі арада он төрт ғасыр өткенде, яғни ХХІ ғасырда Секен Тұрысбек қазақ күй өнерінің әлемдік классигіне айналды.
Руханият • 02 Шілде, 2021
Медеу Сәрсеке: Қаныш Сәтбаев кітабының қазақшасы он төрт жылдан кейін жарық көрді
Медеу ағаның қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың өнегелі өмір жолын баяндаған роман-эссесі –ол кісінің есімін елімізге ғана емес, сол кездегі Одаққа танытты. Бұл шығарма қазақша −12, орысша – 5 және ағылшынша бас-аяғы 18 рет басылғанымен, оның алғашқы кітабы туған елінде түрлі кедергіге тап болды. Біз бүгін тоқсан жастың шебіне жақындаған қабырғалы қаламгермен осы туындының қалай жазылып, баспадан қалайша жарияланғаны жайында әңгімелестік.
Руханият • 02 Шілде, 2021
Ұлт киесі: Соғыс өртімен шыр еткен сәби немесе алғашқы сыр
Сіз ұлттық әдебиетіміздің көрнекті жазушысы Софы Сматаевтың кіндік қаны тамған топырағын, өскен ауылын көрмеген шығарсыз. Он мыңнан астам тұрғыны бар Ақадыр стансасынан оңтүстікке қарай 100 шақырымдай жол жүрсеңіз, алдыңыздан «Киік» деп аталатын ауылды кездестіресіз. Темір жол бойындағы шағын станса. Қазіргі кездегі халық саны мыңның айналасында.
Ел және Елбасы • 02 Шілде, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туа біткен қадір-қасиеті, дара біткен қарым-қабілеті, мен айтар едім даналығы, кейде тіпті әлдекімге күмәнділеу көрінгенмен артынша дұрыс, дұрыс болғанда да ел үшін өте қажет болып шығатын, алысты болжайтын көрегендігі оның қарамағында қызмет еткен бізді қайран қалдыратын. Сырт көзге көп көріне бермейтін елдің ертеңін ойлаған беймаза көңілі, қала берді кәдімгі пендеге тән адами, ақжарқын қалпы, ел ішіндегі жайлы, жақсы жаңалықтарға бәрін ұмыта шын қуанатын шуақты келбеті жадымның бір түкпірінде қылаң беріп тұрады.
Тәуелсіздік • 02 Шілде, 2021
Иә, «елдестірмек – елшіден» демекші, кез келген мемлекеттің дипломатиялық қызметі қашанда маңызға ие. Әсіресе Қазақстан секілді көпвекторлы саясат ұстанатын жас елде оның өзектілігі арта түседі. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихына көз жіберсек, еліміздің дипломатиялық қызметінің түрлі соқпақтардан сүрінбей өткенін аңғарамыз.