Саясат • 02 Шілде, 2021
Араб әлеміндегі қазақ елшілері
Қазақстан егемендік алған сәттерден бастап, белсенді түрде әлем елдеріне таныла бастады. Қазақтың көк байрағы жаһан мемлекеттерінің астаналарында көтеріліп, дипломатиясы алғашқы қадамдарын жасады. Тоқсаныншы жылдар қазақ дипломатиясының қарқынды екпін алу мен салтанатты шеруінің уақыты десек, қателеспейміз. Бұл саңлақ елшілерімізбен дипломаттарымыздың шыңдалудан өткен кезеңі еді.
Саясат • 02 Шілде, 2021
Ел мен елді жақындастырып, өзара жылы шырайлы қарым-қатынастардың орнығуында дипломатиялық қызметтің атқарар рөлі зор. Дана халқымыз оны «Елдестірмек – елшіден» деген бір ауыз сөзбен түйіндеп берген. Қандай кезде де шиыршық атқан оқиғалардың бел ортасында жүретін елшілік қызметкерлері тарихқа ықпалын тигізе алады деген сөз де тектен-тек айтылмаса керек. Бұл олардың іс-қимылына берілген биік баға екені белгілі. Міне, осындай дипломатиялық қызметтің жілік майын шағып ішкен халқымыздың мақтан тұтар ұлдарының бірі – бүгінде сексеннің сеңгіріне шаршамай-шалдықпай көтеріліп отырған тұғырлы тұлға Карл Сәрсенов.
Тәуелсіздік • 02 Шілде, 2021
Қазақстан дипломатиясының бүгінгі әлеуеті
1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып үлгерді және бірнеше халықаралық іргелі ұйымдардың абыройлы мүшесі болды. Бүгінгі таңда Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем геосаясатында ерекше мәнге ие болып отыр.
Қоғам • 02 Шілде, 2021
Жасыратыны жоқ, ел тұрғындарының тұтынушылық құқығы күн сайын бұзылады. Өкініштісі, мұндай жағдай барлық жерде қайталанады. Соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің сапасыздығына байланысты түскен шағымдар саны да артып келеді.
Аймақтар • 02 Шілде, 2021
Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала тарихына тағзым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.