Өнер • 02 Шілде, 2021
Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Шежірелі шанағыңа талайлы тарихымды сыйғызған сен аман бол – домбыра! Ұлы даланы даңққа бөлеген сенің болмысында қазақтың наркескен намысы бар. Алп-алп басқан атандай буырқанған бабалардың мыңжылдықтан бері сенімі сен едің, серігің мен едім! Сені сол үшін де жаныма медет, рухыма сая тұтамын. Қасиетіңнің салмағын Қаратаумен өлшемесем, маған серт, қадірімді Алатауға теңгермесең, саған серт. Бағзыдан аян, нәсілі асыл елім сен дегенде көңілін көкжиекке сүңгітіп, сазыңнан жанына шипа іздеген. Қос ішегіңнен төгілген толқын сақи дүниенің тілі мен тіні болып мына құс тұмсығындай қысқа жалғанның жан жарасын жазған жоқ па?! Сен сол үшін де қымбатсың маған! Қасиетіңнен айналайын, домбыра!
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Атырау тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға ынталандыру шаралары қолға алына бастады. Соның бірі – жүлде қоры 40 млн теңгені құрайтын қаржылай ұтыс ойыны. Мұны облыстық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отыр.
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Бас қалада карантиннің күшейтілуіне қарамастан коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт өсті. Маусымның соңғы тәулігінде сырқаттанушылардың саны 800-ден асты. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин үшінші мәрте күшейтілген жайы бар.
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Жетісудан «Үнді» штамы анықталды
Алматы облысында «Дельта» штамы анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан аса жағдай тіркелді. Ал соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Бұл туралы Jetisy Media алаңында мәлім болды.
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Тез тарайтын штамм Шымкенттен де шықты
Маусымның соңғы күні эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «сары аймақта» болған Шымкент шілдені «қызыл» болып бастады. Өткен тәулікте үшінші мегаполисте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 143 жағдай тіркелген. Оның ішінде 46 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 97 адам үй бақылауына алынды.