Экология • 02 Шілде, 2021
Қыбын тапса, күнделікті тастайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды да кәдеге жаратып, одан пайдалы заттар жасауға болады. Әлемде жыл сайын 2 млрд түрмыстық қалдық шығарылса, Қазақстанда шамамен 5 млн тонна қоқыс тасталады екен. Эколог-мамандардың пікірінше, жылына шығарылатын қоқысты қайта өңдеу арқылы 500 мың тоннаға жуық қағаз бен картон, 300 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 500 мың тонна пластмасса алуға болады екен. Дүние жүзі мемлекеттері қатты қалдықтардан қайталама шикізат өңдеуге ерекше мән беріп отырғаны сондықтан.
Коронавирус • 02 Шілде, 2021
Қазақстанда 1 430 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда бір тәулікте 1 430 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Шілде, 2021
Баянауылдың туризмі шежірелі тарихымен маңызды
Үкімет бекіткен туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бар. Осы бағдарламаға ең перспективалы 10 туристік бағыттың қатарында Баянауыл курорттық туристік аймағы да енген. Жалпы, өңірдегі туризмнің маңызы Баянауылмен тікелей байланысты. Көрікті табиғат аумағы туризм кластерін дамытуға дайын тұр. Туристерді тартудың басты нысаны – тарихи орындар да аз емес. Оның үстіне өңірді көркейтуге үлес қосатын еңселі ескерткіштер де бой көтермек. Бірақ жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында сынға ілінген жайттар да аз емес.
Спорт • 02 Шілде, 2021
Спорттық құзға өрмелеуден ел құрамасы әлемдік додаға қатысады
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасы Швейцарияда өтетін әлем кубогында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2021
Қыз – үйде, қылығы – интернетте
Біз – қызын үкінің баласындай аялап, қонақ санап, төріне шығарған халықпыз. Ұлын ертеңгі отбасының тірегі, елінің қорғаны деп қайсарлық пен кеңдікке баулыған қазақпыз. Бұрын ұл-қыздарымызды әке-шешесі, ата-әжесі, өскен ортасы тәрбиелейтін. Заман талабы өзгергені соншалық, қыздарымыздың желідегі жоғары белсенділігін, ұлдарымыздың ұятты қылықтарын қалыпты нәрседей қабылдайтын күйге жеттік. Әлеуметтік желінің бәрінде өнегелі әңгіме айтыла бермейтіні белгілі. Қазір ХХІ ғасырдағы қазақ жастарын әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр. Ал желі оларға қандай тәлім беріп, қай бағытқа қарай жетектеп барады?