Өнер • 23 Шілде, 2018
Екібастұзда Естайдың 150 жылдық мерейтойы аталып өтті
Өткен сенбі күні қала аумағына қарасты Қаражар ауылының маңына өңір жұртшылығы, қонақтар, әнші-күйшілер дарынды дала бұлбұлы, қазақ музыка өнерінің шоқ жұлдызы Естай Беркімбаевтың 150 жылдығын атап өтті.
Білім • 23 Шілде, 2018
Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп қазақы атауға ие болды
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірқатар мектептің атауы қазақыланды. «Бұл өзгеріс идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру аясында жүргізілді» дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.
Өнер • 23 Шілде, 2018
Соғыс ойыны немесе «фото мылтықпен» атып алынған кадр
Сонау балалық шағымыздың ең бір қалтарыстарында қалған ойындар кейде құдды болашағымызды да бағдарлап бергендей болады да тұрады. Көзін тырнап ашқаннан дәрігер болып, ине шаншып ойнайтын замандастарымыздың кейбірі шынында да уақыт өте келе талайлардың алғысына бөленген сауапты мамандық иесіне айналды.
Таным • 23 Шілде, 2018
Ертеректе Жеменей-Жайыр өлкесінде Асубай атты әйгілі құсбегі, саяткер адам өткен. Ол Зайсан көлінің оңтүстік-шығыс жағында, ұшар басы сардардың күміс дуылғасындай жарқырап, алтын арайлы күн нұрының шуағына шағылысып тұрған Сауыр тауының құсына құмар болыпты. Таудың төменгі сілемі Майқапшағайдың жоғарғы шатында Бүркітті дейтін биік құз бар. Оған жыл сайын ақиық балапан басады. Бұл ұядан ешкім балапан ала алмайды. Өйткені ұяның үсті мәңгі мұздақ та, оң беті заңғар жалама. Ұя осы жақ беттегі тар қуысқа салынған.
Қазақстан • 23 Шілде, 2018
Суға бату оқиғалары жиілеп кетті
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының хабарлауынша, 1-9 шілде аралығында суға шомылу кезіндегі оқыс оқиғалар күрт көбейіп кеткен. Суға кеткен 8 адамның 4-еуі бала.