Жазғы спорт • 30 Шілде, 2018
«Тур де Франс» веложарысы аяқталды
Араға жыл салып атақты «Тур де Франс» жарысына тағы да келдік. Биыл бұл дода 105-мәрте ұйымдастырылды. Футболдан өткен әлем чемпионатына байланысты бір аптаға кейін шегеріліп, жанкүйерлердің тағатын тауысқан жарыс басталып кетті. «Астана» командасы үшін биылғы жарыс әрқилы оқиғалармен өрілді.
Қазақстан • 30 Шілде, 2018
Мұрат Сағындықов – 25 жаста. Ата-анасымен және екі бауырымен 7 жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келген. Ташкенттегі атақты физика-математика мектебін үздік бітірген талантты түлек тарихи отанында өмір жолын еңбектен бастауды жөн санапты. Әуелі үлкен қаладағы «Бедобай» атты түрік дәмханасына ыдыс-аяқ жуушы болып жұмысқа орналасады. Сөйтіп жүріп түрік асханасының дөнерші кәсібін жеделдетіп меңгеріп алады.
Қазақстан • 30 Шілде, 2018
Қара үзгендер миллионер болады
Кейбір аймақтар жұмысы барлар мен жұмыссыздарының есебін шотқа салып, әрі-бері сапырылыстырып жатқанда, Қызылорда әкімдігі әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тұратындарды анықтауды аула аралаудан бастап кеткен.
Тәрбие • 30 Шілде, 2018
Бейнелеу өнер мұражайында қойылған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актеры Асылболат Смағұловтың «Туған жер» атты жеке көрмесін қызықтаушылар қатары қалың болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов қатысты.
Бағдарламалар • 30 Шілде, 2018
Бішкекте цифрлы болашақ мүмкіндіктері талқыланды
Қырғызстанның астанасында «Блокчейнді пайдаланудың практикалық тәсілі және қауіпсіздігі» атты халықаралық конференция өтті. Шараға «Корея блокчейн менеджмент» компаниясы өкілдері, Қырғыз Республикасы Ақпараттық технологиялар жаңа байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шаршембиев, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Беларусь Республикасының Байланыс және ақпараттандыру министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Шедко, «BizBlocks» компаниясының бас директоры Чон Ин Ионг және Қырғызстанның цифрлық технологиялар бойынша мамандары қатысты.