Аймақтар • 26 Шілде, 2019
Тозығы жеткен үйлер жаппай сүріліп, жаңа шағын аудандар бой көтеріп келеді
Өңірде 1758 көпқабатты тұрғын үй есепке алынса, 90 пайызға жуығы Кеңес заманында салынғандықтан, әбден ескірген. Оның үстіне оның бір мыңға жуығында пәтер иелері кооперативтері құрылмауы салдарынан ішкі инженерлік желілердің істен шығуы жиі кездеседі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанындағы жалпы мүлікті күтіп ұстау талаптары да қатаң сақтала бермейді.
Қоғам • 26 Шілде, 2019
Электрлі кресло-арбалар елімізде құрастырыла бастады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр жетегі бар арбалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған «Тыныс» АҚ машина жасау зауытының жұмысымен танысты.
Президент • 26 Шілде, 2019
«Елбасы және халқы» кітабы таныстырылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жарық көрген «Елбасы және халқы» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Руханият • 26 Шілде, 2019
Атырау аймағындағы ежелгі қалалар дегенде алдымен Сарайшық еске түседі. Бірақ бұл өлкеде Сарайшықтан басқа да 13 шаһар болған. Соның бірі – Қорғанша қаласы. Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының маңында орналасқан қаланың негізін кім, қашан қалады деген сауалға әлі күнге нақты жауап жоқ.
Билік белесіндегі бірегей бетбұрыс
2019 жылғы наурыз айының 19-ы мен дәл сол күнгі кешкі 19.00 егемен еліміздің саяси билік жүйесіне тыңнан түрен салған бетбұрыс сәт болып қалары күмән тудырмайды. Өйткені дәл сол күнгі, дәл сол сәтте еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатып, еліміздің көшбасшылық тізгінін ендігі жерде конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратыны жөнінде республикалық телеарналар арқылы ресми мәлімдеме жасаған еді. Көрермендерге тосындау болып естілген Елбасының бұл мәлімдемесі басында ел ішінде болсын, халықаралық аренада болсын, оның ішінде алыс-жақын бауырлас елдермен қатар әлемнің алпауыт мемлекеттерінде де үлкен резонанс тудырған болатын. Дей тұрғанмен, Елбасының батыл қадамы көкейге қонатын парасатты шешім ретінде бағаланып, көпшіліктен қолдау тапты.