Аймақтар • 24 Шілде, 2018
Ауылды қалаға қайтсек теңейміз?
Осы күні түрлі ақпарат құралдарында азық-түлік тағамдарының сапасыздығы туралы жиі айтылады. Шынында да мысық ішпейтін сүттің түрі көп екен, ит жемейтін шұжық та бар болып шықты.
Қазақстан • 24 Шілде, 2018
ASTRA Plat – жолақы төлеміндегі жаңа жүйе
Астана қаласының қоғамдық көліктеріндегі жолақы төлеміне өзгеріс енгізілді. Бұл жаңашылдық елордадағы жолаушы тасымалдаушылар жүйесінде электронды жолақы төлемінің енгізілуіне байланысты туындап отыр. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жүйе бойынша жолақы төлемінің екі түрі қарастырылған. Енді елорданың тұрғындары мен қонақтары қоғамдық автобустарда көлік картасын пайдалана алады немесе бір рет берілетін жол жүру билеті үшін ақшалай төлем жасайды. Яғни электронды жолақы төлемі жүйесін енгізу барысында жолаушылардың жолақы құнын ақшамен төлеу құқығы да сақталған.
Қазақстан • 24 Шілде, 2018
Бүгінгі жан бағудың қамымен жанталасып жүрген біздің толқынның арасында кейінгі ұрпақтың денсаулығын ойлап жүрген жан бар ма екен?! Бала біздің болашағымыз деп үлбіреген үмітін үкілеп, кекілін сипап, соңынан ерткен әр баланың бойында бір-бір сырқат бар. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, балалар арасында ең көп кездесетін дерт – анемия. Екінші орында – көз аурулары.
Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құтқаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұлулық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мейірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қажет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құтқарады десек, бұл арадағы әлеміміз – адамзат. Ал адамзатты түрлі бәле-батырлардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ауру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қорғаушы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.
Білім • 23 Шілде, 2018
Жандарбек Бекшин мектеп формасын қалай таңдау керектігін түсіндірді
Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз маслихаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин қатысты.