Жеңіл атлетика • 24 Шілде, 2018
Марафонға машықтанған Мураками
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деп атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында ел азаматтарының денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жеке саламаттылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі жобалар қолға алынуда. Соның бірі – Президенттің бейне үндеуімен маусым айында басталған Challenge «Сенің жаңа қырың» атты бұқаралық спорт бастамасы. Бұл бастама қоғамда кеңінен қолдау тапты. Сондай-ақ соңғы жылдары елімізде жиі өте бастаған марафон, триатлон жарыстарына да қатысушылар легі көбейіп келеді. Мәселен, Астана мен Алматыда өтетін жүгіру жолдарына мыңдаған марафоншылар шыға бастады. Әрине, өз өміріңді қолға алу – болашағыңды қолға алу. Осы орайдағы өзгерісті қалайтын жандарға өнеге ретінде және күш-жігер беру мақсатында белгілі жапон жазушысының беймәлім қырын әңгімелегенді жөн санадық.
Білім • 24 Шілде, 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізу рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 24 Шілде, 2018
Қызылордада «Kieli meken - Qyzylorda» атты Халықаралық жайдарман фестивалі өтті
Қызылорда облысының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелрі басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Н.Бекежанов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған «KIELI MEKEN - QYZYLORDA» атты халықаралық жайдарман фестивалі өткізілді.
Бағдарламалар • 24 Шілде, 2018
Nur Otan Trends-те «Цифрлы Қазақстан» мәселесі талқыланды
«Nur Otan Trends» еркін пікірталас алаңында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының елімізде қалай жүзеге асырылып жатқаны талқыланды.
Медицина • 24 Шілде, 2018
Темір жол билеттері неліктен тапшы?
«Egemen Qazaqstan» газетінің 16 шілде күнгі санында «Темір жол билетінің тапшылығы неліктен жазда туындайды?» деген тақырыппен жолаушылардың мұқтаждықтары көрсетілген мақала жарияланған болатын. Онда жол жүру құжаттарының маусымдық тапшылығынан бөлек, кассалардан табылмайтын билетті алып-сатарлардың қымбатқа саудалайтыны, пойыз қызметкерлерінің тәртіпке томпақтау қылықтары, делдалдардың жүгенсіздігі туралы жазған едік. Осы материал жарыққа шыққан күннің ертеңіне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы мониторингтік топтармен бірге «құпия сатып алушы» акциясын бастап кеткен.