Жәдігер • 26 Шілде, 2024
Қайыржан Жұбаниязұлы 1890-1930-жылдары Ойыл өзені бойындағы ауылдардың соқа-темірі мен күрек-сайманын соғып, үй тұрмысындағы заттарын бүтіндеп қана қоймай, зергерлікпен де айналысқан. ХХ ғасыр басындағы ауылдардың шаруашылыққа қажетті бұйымдарын соққан ұста қолының табы қалған дүниесі – ағаштан жасалып, былғарымен қапталған көрігі бүгінде Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінде тұр. Қастерлі дүниені 2006 жылы ұстаның қызы Ақзер Қайыржанқызы тапсырған.
Мәдениет • 26 Шілде, 2024
Әйгілі қобызшы, ұлт өнерінің қайраткері Дәулет Мықтыбай (1904-1976) – қазақ музыка мәдениеті тарихына есімі алтын әріппен жазылатын тұлға. Ол – Қорқыт (VII-VIII ғасыр), Қетбұға (XII ғасыр), Қойлыбай (XVII-XVIII ғасыр) сынды қобызшылардан үзілмей жалғасып келе жатқан мың жылдық дәстүрді жаңғыртып, ұрпаққа жеткізген, осы музыка саласын ұлттық консерваторияда биік деңгейге көтерген біртуар.
Жастар • 26 Шілде, 2024
Ел жастарының қырғыз еліне көмегі
Еріктілік шекарамен шектелмейді. «Жастар рухы» белсенділері мен «Biz Birgemiz» қоры Қырғызстандағы алапат селден зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберді. 40 тонналық жүк Алматыдан Ош қаласына жедел жеткізілді.
Жастар • 26 Шілде, 2024
Биылғы су тасқыны – елде ұзақ жылдан бері болмаған табиғи апат. Мұндай қысылтаяң тұста отандастарымыз бір-біріне ұйыса қолдау көрсетіп, жұмыла әрекет етті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Төтенше жағдайда тосырқаған жұртқа республиканың әр түкпіріндегі еріктілер керек-жарағын жиып, гуманитарлық көмек жөнелтті. Нағыз бірлік сыналған сәтте Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасының волонтерлері де қапы қалмады.
Спорт • 26 Шілде, 2024
Бүгін Париж Олимпиадасы басталады
Бүгін Францияның Париж қаласында ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Ел спортшылары дербес делегация ретінде жазғы Олимпиада ойындарына сегізінші мәрте ат байлап отыр.